24.04.2017, 15:30 3695

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Елбасыныӊ бағдарламалық мақаласын түсіндіруге байланысты актив отырысы өтті

Аудан әкімі Т.Дүйсебаев төрағалық еткен активке барлық деӊгейдегі әкімдер, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылап, түсіндіруге байланысты актив отырысы өтті.

Аудан әкімі Т.Дүйсебаев төрағалық еткен активке барлық деӊгейдегі әкімдер, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Актив отырысында аудандық Қоғамдық кеӊес төрағасы Х.Қаметов "Рухани жаӊғырудыӊ бастауы - Ұлттық сана", аудандық "Жалағаш жаршысы" газеті бас редактордыӊ міндетін атқарушы С.Бертаев "Прагматизм - таяу онжылдықтыӊ ұраны" тақырыптарында хабарлама жасады. Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей директоры Л.Шөменова жаӊартылған білім берудіӊ маӊызы жайлы ойын білдірді. Аудандық жастар ресурстық орталығыныӊ директоры, аудандық мәслихат депутаты Е.Бақбергенұлы Елбасы мақаласы жастарды шынайы патриотизмге баулуда бағдар болатындығын айтты.

Мемлекет басшысыныӊ жақында респубикалық "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласына ұлттық құндылыққа, адами капиталға ерекше мән берілген.

Онда көтерілген әр мәселе халықтыӊ көӊілінен шығатын, маӊызды дүниелер. Уақыттыӊ өзі қазір білектініӊ емес, білімдініӊ заманы туғанын көрсетіп отыр. Бұл ретте, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлыныӊ аймақ жастарын түрлі бағдарламаларды қолға алып, шет елдерде оқытуын көрегендік деп айтар едім.

Мақаладағы "Туған жер" бағдарламасы жастардыӊ бойында патриоттық сезiмiн нығайтып, ауыл-аймақтардыӊ көркейiп, гүлденуiне сеп болары анық. Исіресе, аталмыш бағдарлама аясында туған жердіӊ өсіп, өркендеуіне үлес қосып жатқан азаматтарды насихаттауға қатысты айтқаны ерекше көӊілімнен шықты. Бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асырып жүрген азаматтар біздіӊ өӊірімізде де жеткілікті. Мәселен, Абзал Ералиев, Мінәжадин Өтеев, Сейітқали Алшынбаев, Қылышбек Ибішев сынды іскер ағаларымыздыӊ өз туған жерлерінде жасап жүрген игі тірліктері бүгінде көпке үлгі болып отыр. Бұл азаматтардан өзге біз біле бермейтін, есімі аталмай, алайда ізгі іспен айналысып жүрген жандар қаншама? Осындай азаматтарымызды қоғам болып насихаттауды қолға алсақ болашақта өз-өзіне сенімді, қайырымды ұрпақ тәрбиелейміз деген сөз.

"Тоқсан ауыз сөздіӊ тобықтай түйіні", мақалада атаныӊ қаны, ананыӊ сүтімен дарыған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, бүгінгі жаӊа ғасырдыӊ жаӊалықтарын бойымызға сіӊіріп, көштен қалмауымыз қажеттігі айтылған. Ол үшін бірлігіміз бекем болып, тынбай еӊбек етуіміз керек деп білемін",- aaa? nieea?.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны