04.07.2017, 13:17 3852

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында кәмелетке толмағандардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі кеӊейтілген комиссияныӊ отырысы өтті

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтыӊ алдын алу, анықтау, ойын-сауық орындарында болуына тосқауыл қою мақсатында аудандық прокуратура, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, АІІБ-мен бірлескен рейд жұмыстарыныӊ қорытындысы жария етілді.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық прокуратурасыныӊ бастамасымен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардыӊ ісі және олардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі кеӊейтілген комиссияныӊ отырысы өтіп, онда балалар мен жасөспірімдердіӊ жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

Комиссия отырысына аудандық прокуратура, денсаулық сақтау саласыныӊ, аудандық ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімініӊ, білім беру ұйымдарыныӊ басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері және ата - аналар комитетініӊ төрағалары қатыстырылды.

Отырыста тиісті органдарға балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жайын назардын тыс қалдырмай, өрт, су қауіпсіздігі шараларын, басқа да жазатайым оқиғалардыӊ алдын алуды күшейту, жазғы демалыс кезеӊіндегі салауаттылықтарын арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтыӊ алдын алу, анықтау, ойын-сауық орындарында болуына тосқауыл қою мақсатында аудандық прокуратура, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы, АІІБ-мен бірлескен рейд жұмыстарыныӊ қорытындысы жария етілді.

Рейд барысында Қазақстан Республикасыныӊ реттейтін заӊ талаптары түсіндіріліп, заӊмен тыйым салынған уақытта, яғни сағат 23:30 шамасында алкоголь өнімдерін сатудыӊ анықталған 1 дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған.

Аудан прокуроры С.Бодықов балалардыӊ жазғы демалыс уақытында келеӊсіз оқиғалардыӊ алдын алу, олардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауаттылығын көтеру мақсатында аудандық білім бөліміне қарасты "Ақтерек" сауықтыру лагеріндегі жасөспірім балалардыӊ құқықтарыныӊ сақталуы назардан тыс қалмағанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны