16.06.2017, 11:48 5742

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында медицина қызметкерлерініӊ күніне орай салтанатты жиын өтті

Жиын соӊы мәдениет үйі көркемөнерпаздарыныӊ және аудандық аурухана қызметкерлерініӊ концерттік бағдарламасына ұласты.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерініӊ күніне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, осы сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ақ халатты абзал жандарға толайым табыстар тіледі.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Н.Жұмағалиева, аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы С.Илиев, "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қ.Мұстафаевалар сөз алып, мерекеге орай лебіздерін білдірді..

Бірқатар медицина саласыныӊ қызметкерлері аудан әкімініӊ, облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ "Алғыс хатымен" марапатталды. Мереке иелеріне ардагерлер кеӊесі мен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы тарапынан да құрмет көрсетілді. Шарада Мақпалкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясыныӊ стаматолог дәрігері А.Тұӊғышбаеваға Қазақстан стаматологтары ассоциациясыныӊ "Стаматологиялық қызметініӊ үздігі" төсбелгісі табысталды.

Жиын соӊы мәдениет үйі көркемөнерпаздарыныӊ және аудандық аурухана қызметкерлерініӊ концерттік бағдарламасына ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны