12.06.2017, 18:25 3889

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында "Ұлттық құндылықтарымызды үлгі етейік" республикалық акциясы өтті

Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы спорттық ойындардан көӊілді старт ойын түрлерінен жарыстар(асық ату, бес асық, ләӊгі ойындары), "Этно ауыл" көрмесі, "Дәстүр мен дін сабақтастығы" тақырыбындағы дөӊгелек үстел өтті.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы "Ақтерек" сауықтыру лагерінде "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы және партия филиалына қарасты "Дарын", "Мәдени мұра" бастауыш партия ұйымдарыныӊ ұйымдастыруымен "Ұлы дала қазынасы", "Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ" партиялық жобалары аясында "Ұлттық құндылықтарымызды үлгі етейік" тақырыбындағы бүкілреспубликалық акциясы өтті. Акцияныӊ негізгі мақсаты - балалардыӊ жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, мәдениетіміздіӊ бірден-бір бөлшегі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып турасында ой бөлісу, ер балалар мен қыз балалар тәрбиесіндегі ата-ананыӊ рөлі, жастарға ұлттық құндылықтардыӊ еӊ маӊыздысы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардыӊ мән-мағынасын ұғындырып, кеӊінен насихаттау. Акцияны "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, бүгінгі күнніӊ маӊызды мәселелерініӊ бірі - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адами құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу керектігін баса айтты.

Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы спорттық ойындардан көӊілді старт ойын түрлерінен жарыстар(асық ату, бес асық, ләӊгі ойындары), "Этно ауыл" көрмесі, "Дәстүр мен дін сабақтастығы" тақырыбындағы дөӊгелек үстел өтті. Ал Еӊбек, Ақарық ауылдарынан келген "Асыл әжелер", "Батыр аналар" ансамблініӊ ақ жаулықты әжелері жазғы тынығу лагеріндегі қыз балаларға күбі шайқау, келі түю, диірмен тарту, ши тоқу, құрт жаюды көрсетіп, жастардыӊ ұлттық құндылықтарға бейім де берік болып өсуіне сеп болар жақсы бастама көтерді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны