05.06.2017, 16:53 4679

Қызылорда облысы Жалағаш кентінде Мемлекеттік Рәміздерініӊ 25 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын болды

- Саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктіӊ бірегей белгілері болып табылатын рәміздер - барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік тұмарындай. Елдік белгілер - ел үмітініӊ шырағданы, Тәуелсіздігіміздіӊ тұмарына айналған, мемлекеттік рәміздеріміздіӊ 25 жылдығы құтты болсын. Инұранымыз әлемге әйгіленіп, елтаӊбамыз елдігімізді айқындап, ордалы Отанымыздыӊ көтерген көк туымыз көгімізде желбірей берсін,- деген ізгі лебізін білдірді.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш кентіндегі Рәміздер алаӊында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерініӊ 25 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын болды. Иуелі спорт, мәдениет және білім саласындағы үздіктерден жасақталған топ 25 көк байрақты көтеріп жүріп өтті. Велошерушілер де көк туды жоғары көтеріп, тәуелсіздік тұмарына құрмет танытты. Шерушілер Рәміздер алаӊына жеткен сәтте жергілікті өнерпаздар концерті басталды. Мерекелік шараны аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, жиылған жұртшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздеріне 25 жыл толуымен құттықтады.

- Саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктіӊ бірегей белгілері болып табылатын рәміздер - барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік тұмарындай. Елдік белгілер - ел үмітініӊ шырағданы, Тәуелсіздігіміздіӊ тұмарына айналған, мемлекеттік рәміздеріміздіӊ 25 жылдығы құтты болсын. Инұранымыз әлемге әйгіленіп, елтаӊбамыз елдігімізді айқындап, ордалы Отанымыздыӊ көтерген көк туымыз көгімізде желбірей берсін,- деген ізгі лебізін білдірді.

Шара барысында Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік Инұраны орындалды. "Арай" халықтық мәдени-үгіт тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйініӊ көркемөнерпаздары патриоттық әндерді көрермен назарына ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны