13.07.2017, 15:33 4353

Қызылорда облысы Жалағаш кентініӊ оқушысы Иоханнесбург қаласында өтетін ментальды арифметика бойынша әлем чемпионатына жолдама алды

Қазір ментальды арифметиканыӊ алтыншы деӊгейін тәмамдадым. Өскенде архитектор болғым келеді. Астана сияқты қалалардыӊ сәулетін жасаймын", - дейді зерек бала

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш кентінде Шәріпхан Бекетов есімді "калькулятор" бала тұрады. Оныӊ ерекше жылдамдықпен күрделі математикалық есептерді шығаратын қабілеті қайран қалдырады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Абакус тәсілі арқылы арифметиканыӊ төрт амалын жете меӊгерген Шәріпхан №31 мектеп-лицейдіӊ 4-сынып оқушысы. Оныӊ менталды арифметиканы арнайы үйреніп жүргеніне небәрі 3 жыл ғана болды. Соған қарамастан жетістіктері көп.

Мәселен, өткен жылы Алматы қаласындағы "ISMA-KAZAKHSTAN" ментальды арифметика мектебініӊ ұйымдастыруымен өткен ІІ республикалық Олимпиаданыӊ Junior 4 деӊгейі бойынша І орынды жеӊіп алған. Шәріпхан сол мақсатына жетіп, жуырда ғана Алматы қаласында өткен "ISMA-KAZAKHSTAN" І Халықаралық Олимпиадасыныӊ 5-ші деӊгейінде бақ сынап, "Гран При" иегері атанды. БАИ, Ресей, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан секілді 6 мемлекеттен қатысқан ойлылар бәсекесінде 956 қатысушыныӊ ішінен дара шыққан Шәріпхан Бақытжанұлы осы жылдыӊ желтоқсан айында Оӊтүстік Африка Республикасыныӊ Иоханнесбург қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

"Меніӊ мақсатым - ментальды арифметиканыӊ 10 деӊгейінен де алдыӊғы қатардан көрініп, Халықаралық Олимпиадаларда жүлде алып, еліміздіӊ мерейін асыру. Қазір ментальды арифметиканыӊ алтыншы деӊгейін тәмамдадым. Өскенде архитектор болғым келеді. Астана сияқты қалалардыӊ сәулетін жасаймын", - дейді зерек бала.

Қазірде Шәріпхан Қызылорда қаласындағы "JUNIOR CLUB" арнайы ментальды арифеметика мектебінен қосымша білім алады. Ол жақтағы жетекшісі Ирина Ногай Шәріпханныӊ жетістігімен мақтанады және озық ойлы шәкіртініӊ алдағы әлемдік бәсекеде де топ жаратынына кәміл сенеді. Ал әкесі Бақытжан Сәдуақасов баласыныӊ болашағынан зор үміт күтеді.

"Балам санаулы секундтыӊ ішінде екі таӊбалы, үш таӊбалы, төрт таӊбалы сандарды ойша қосып, көбейтіп, бөле алады. Ойын баласы ғой, дегенмен мұғалімдерініӊ тапсырмаларын, есептерін шығаруға келгенде табандылық танытып жүр", - дейді Шәріпханныӊ әкесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны