17.08.2017, 16:49 4220

Қызылорда облысы Жаӊақорған аудандық прокуратурасы кәсіпкерлерден заӊсыз алынған салықты қайтарды

Жаӊақорған аудандық прокуратурасыныӊ ықпалымен кәсіпкерлерден заӊсыз алынған 2,5 млн. теӊге салықтары қайтарылды,-деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Жаӊақорған аудандық прокуратурасыныӊ ықпалымен кәсіпкерлерден заӊсыз алынған 2,5 млн. теӊге салықтары қайтарылды,-деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Нақтыласақ, аудан бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодекспен белгіленген бірыӊғай тіркелген салық мөлшерлемелерін реттейтін құқықтық акті (Жаӊақорған аудандық мәслихатыныӊ 24.12.2008 жылғы №101 шешімі) 2010 жылы күшін жойған.

Алайда сол уақыттан бері осы шешімніӊ негізінде аталған қызмет түрін көрсететін кәсіпкерлерден салықты айына еӊ төменгі мөлшермен (3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) алудыӊ орнына бір бильярд үстеліне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық алынған.

Күші жойылған құқықтық актіні басшылыққа алу арқылы 5 кәсіпкерден заӊсыз алынған салық сомаларын қайтару туралы қадағалау актісінен кейін кәсіпкерлердіӊ банк шоттарына 2 539 816 теӊге кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Бұған қоса, ағымдағы жылы 1 кәсіпкерге жерге меншік құқығы табысталып, 2 кәсіпкерге 300 000 теӊгеден астам арнайы шоттағы қаржылары қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны