08.06.2017, 16:41 3868

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданыныӊ мемлекеттік қызметкерлері облыстық тіл байқауында жүлделі II орынға ие болды

Құжат толтырудан бастап, тіл саясатына қатысты сауалдардан сүрінбеген жастар өздерін жақсы қырынан танытып, тіл білгірлері екендігін көрсетті.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ ұйымдастыруымен өткен "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты облыстық байқауға қатысқан Жаӊақорған ауданыныӊ мемлекеттік қызметкерлері жүлделі II орынға ие болды.

Аудандық ішкі саясат бөлімініӊ бас маманы Ерсұлтан Жанболат, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімініӊ бас маманы Назерке Мырзабаева, "Қыркеӊсе" ауылдық округініӊ бас маманы Жасұлан Бейсенбеков сынды жас мемлекеттік қызметкерлер берілген барлық тапсырманы мүлтіксіз орындап, көп қошеметіне бөленді. Құжат толтырудан бастап, тіл саясатына қатысты сауалдардан сүрінбеген жастар өздерін жақсы қырынан танытып, тіл білгірлері екендігін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны