26.06.2017, 09:00 2464

Қызылорда облысы Жаӊақорған кентінде "Мейірім" атты әлеуметтік-коммуналдық базар ашылды

Халықты арзан өніммен қамтамасыз етуді көздеген аудан әкімдігініӊ бастамасымен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық күре жолы бойындағы Сунақ ата, Бірлік ауылдарыныӊ тұсынан да осындай сауда орындары ашылады.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Кеше Қызылорда облысы Жаӊақорған кентінде "Мейірім" атты әлеуметтік-коммуналдық базар ашылды. Аудандағы елді мекендерден келгендер үшін көкөніс, бақша өнімдерін саудалауға тегін сауда нүктесі ұсынылатын мұнда баға базардағыдан төмен болады.

Осы күні Жайылма ауылдық округініӊ кіре берісіндегі "Аружан" асханасыныӊ жанынан көшпелі сауда орны жұртқа қызмет көрсете бастады. Халықты арзан өніммен қамтамасыз етуді көздеген аудан әкімдігініӊ бастамасымен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық күре жолы бойындағы Сунақ ата, Бірлік ауылдарыныӊ тұсынан да осындай сауда орындары ашылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны