16.03.2017, 17:29 5431

Қызылорда облысына Конрад Аденауэр атындағы қордыӊ Қазақстандағы өкілдігі директоры Томас Хельм келді

Қор өкілдері алдымен Достық үйініӊ музейін аралап, ондағы этнос өкілдерініӊ бірнеше ғасырлық тарихымен, "Wiedergeburt" облыстық неміс этномәдени бірлестігініӊ жұмысымен танысты.

Қызылорда. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Кеше Конрад Аденауэр атындағы қордыӊ Қазақстандағы өкілдігі директоры Томас Хельм Қызылорда облысына сапармен келді. Мәртебелі қонақ аялдаған алғашқы нысан Достық үйі болды. Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығыныӊ басшысы Ләйлә Төрешова мен этномәдени бірлестіктіӊ жетекшілері қатысты, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметі.

Қор өкілдері алдымен Достық үйініӊ музейін аралап, ондағы этнос өкілдерініӊ бірнеше ғасырлық тарихымен, "Wiedergeburt" облыстық неміс этномәдени бірлестігініӊ жұмысымен танысты.

Аймақта этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардыӊ өзара қарым-қатынасына ерекше көӊіл бөлінгендігі белгілі. Т.Хельм Сыр өӊіріне түрлі тарихи жағдайлардыӊ ?серімен қоныс тепкен этностар тарихына қызығушылық танытып, келісіммен керегесін кеӊейткен сырбойылықтар туралы, аймақтыӊ бұрынғысы мен бүгінгісі жайлы сауалдар қойды.

Жүздесу барысында облыстық ассамблея хатшылығыныӊ басшысы Л.Төрешова ел бірлігі ж?не оны қамтамасыз етудегі Елбасы саясатыныӊ басым бағыттары жайлы айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны