02.10.2018, 22:14 5100

Қызылорда облысынан "100 жаӊа есім" жобасына 18 тұрғынныӊ аты үміткер ретінде ұсынылуда

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға танытуды көздейді.

Қызылорда. 2 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардыӊ қай-қайсысы да өзініӊ мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маӊыздылығымен құнды. Соныӊ ішінде, әсіресе "100 жаӊа есім" жобасыныӊ алар орны айрықша.

Жобаныӊ II-кезеӊі басталғандығы да белгілі. Байқауда бағын сынағысы келетіндер алдымыздағы 10 қыркүйекке дейін өтініштерін жолдай алады. Биыл жобаныӊ жұмыс тобы жастарға ерекше ден қойып жатыр. Бұл жоба ел арасында жүріп, өз ортасыныӊ көшбасшысына айналған, озық ойымен, білімімен дараланатын адамдардыӊ көпшілікке танылуына мол мүмкіндіктер жасайды. Ал жастар өз замандастарыныӊ жетістігіне марқайып, "болмаса да ұқсап бағары" анық.

Аталған жобаға Қызылорда облысынан ұсынылып жатқан үміткерлердіӊ бірі тележурналист Ғалымжан Бәйімбет. Ол "Хабар 24" телеарнасыныӊ Лондондағы меншікті тілшісі, "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлегі. Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерінде еркін сөйлейді.

Қызылорда қаласыныӊ тумасы Ғалымжан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Еӊбек жолын Қызылорда қалалық "Қоғамдық телеарнасынан" бастап, облыстық телерадиокомпания және "Қазақстан" РТРК АҚ-ында редактор, аға редактор, редактор-сценарийст, қойылым-режиссер (2000-2007), 2008 жылдан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ "Қазақстан-Қызылорда" филиалында директордыӊ орынбасары-бас редактор қызметтерін абыроймен атқарған.

Өте еӊбекқор Ғалымжан Қараманұлы 2005 жылы Астана қаласында өткен жас таланттардыӊ "Шабыт" халықаралық фестивалінде "Үздік режиссура" және "Үздік бағдарлама" номинациясы бойынша лауреат атанды. Көптеген телевизиялық жобалардыӊ, телехабарлар мен ток-шоулардыӊ авторы. 2015 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбритания қаласын таӊдап, Шотландияныӊ Глазго қаласында "медиа-менеджмент" мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таӊда республикалық "Хабар24" телеарнасыныӊ Лондондағы меншікті тілшісі қызметін атқаруда.

Қызылорда өӊірінен "100 жаӊа есім" жобасына ұсынылап жатқан азаматтыӊ бірі Скендіров Айдынбек Айтбайұлы.

Ол 1987 жылы 20 шілдеде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 2004-2006 жылдары Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжін "Заӊгер" біліктілігін (үздік диплом) алып, 2006-2009 жылдары Қазақ-Қытай институтын "Тарих" бакалавры академиялық дәрежесі бойынша тәмамдаған. Білімі - жоғары. Қазіргі таӊда Омбы гуманитарлық академиясыныӊ "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығыныӊ магистранты.

Білім алған жылдары институттыӊ Қазақстан Студенттер Альянсына жетекшілік етті. Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орындарыныӊ медициналық пунктердіӊ сапасын жоғарылатуға орай "Жан саулығы-тән саулығы" және "Қалыӊ қалай, студент?", "Студенттік омбудсмен" жобалары бойынша жұмыстар жүргізген.

2009 жылдыӊ қараша айынан бастап, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімініӊ "Жыраулар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында маман болып қызмет атқаруда. Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша қолға алынған келелі істерін жастарға насихаттау, тарихи мұраларымызды күтімге алу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ Қармақшы аудандық бөлімшесініӊ және "Теміржол" БПҰ төрағасы, "Қармақшы Демеу" корпоративтік қорыныӊ директоры қызметтерін қоғамдық негізде атқарып келеді.

Айдынбек Айтбайұлы өз саласында жақсы жетістіктерге жетіп, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаӊашыл бастамалары үшін Қызылорда облысы жастарына арналған "Сыр үміті" сыйлығыныӊ иегері атанды. Сондай-ақ облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтыӊ "Алғыс хатымен", "Нұр Отан" париясыныӊ облыстық, аудандық филиалдарыныӊ және аудан әкімі мен басқарма басшыларыныӊ алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ "Бейбітшілік Илемі" (Планета Мира) Халықаралық творчестволық бірлестігініӊ "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталған.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Ұлт мақтанышы біздіӊ бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.

Мен бүгінгі замандастарымыздыӊ жетістіктерініӊ тарихына да назар аударуды ұсынамын.

Бұл идеяны "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы арқылы іске асырған жөн.

Еліміздіӊ Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезеӊ. Ирине, жасалған жұмыстардыӊ маӊызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ.

Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардыӊ өздері мен олардыӊ табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардыӊ тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанныӊ әрбір жетістігініӊ артында алуан түрлі тағдырлар тұр.

"Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздіӊ әр өӊірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерініӊ тарихы.

Жобада нақты адамдардыӊ нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанныӊ келбеті көрініс табады.

Біз "Жаныӊда жүр жақсы адам" деген сөздіӊ байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзініӊ еӊбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардыӊ жүріп өткен жолдары - кез келген статистикадан артық көрсеткіш.

Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудіӊ жаӊа мультимедиалық алаӊын қалыптастыру.

3. "100 жаӊа есім" жобасыныӊ өӊірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздыӊ алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны