13.09.2018, 21:36 5871

Қызылорда облысынан "Мерейлі отбасы" жеӊімпаздары 62 жыл бірге өмір сүріп, 14 баланы дүниеге әкелген

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық жеӊімпаз отбасын құттықтады.

Қызылорда. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Мерейлі отбасы-2018" республикалық байқауыныӊ дипломанттарымен кездесті және оларға "Нива-Шевроле" автокөлігініӊ кілтін табыс етті. Шиелі ауданыныӊ Ишанқұловтар отбасы 62 жыл бірге өмір сүріп, 14 баланы дүниеге әкеліп, немере, шөберелерін тәрбиелеуде.

Еске салайық, 2013 жылы Елбасы отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Мерейлі отбасы" жалпыұлттық байқауын ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Қатысушылардыӊ саны жыл сайын артып келеді, ал Президент байқаудыӊ бесінші жылында Гран-при иелерімен (Тараздық Ниязовтар отбасы) қатар, қызылордалық Ишанқұловтар отбасы мен әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенніӊ отбасыларын да жеӊімпаз деп таныды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық жеӊімпаз отбасын құттықтады.

"Қазақ халқы қашанда отбасын қасиетті шаӊырақ ретінде бағалап, зор маӊыз беріп, көзініӊ қарашығындай қорғаған. Отбасыныӊ ар-намысын сақтауға, ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуге, өз ұрпағыныӊ елге адал қызмет етуіне аса мән берген. Осындай дәстүрлі құндылықтар қазақтыӊ қаймағы бұзылмаған Сыр өӊірінде ерекше сақталуы заӊдылық деп ойлаймыз. Отбасы алтын ұя, киелі шаӊырақ болса, сол шаӊырақтыӊ мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Балаларыныӊ бойына ұлттық құндылықтарды сіӊіріп тәрбиелеп отырған Сыр елініӊ Сіздер сияқты өнегелі отбасыларына айтар алғысымыз шексіз", - деді аймақ басшысы.

Шиелі ауданы Еӊбекші ауылыныӊ тұрғыны, отағасы Ерғали Ишанқұлов ерте жасынан мал шаруашылығымен айналысады, сүйікті кәсібін зейнеткерлікке шыққан соӊ да жалғастыруда. Жары "Алтын алқа", "Күміс алқа" төсбелгісініӊ иегері Бахира апамен 62 жыл бір шаӊырақ астында өмір сүріп, 14 ұл-қызды дүниеге әкелген. Бүгінгі таӊда 61 немере, 46 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отырған бұл әулеттіӊ өнегелі өмірі - елге үлгі. Ишанқұловтар жанұясыныӊ 8 ұлы мен 6 қызы ұрпақ өрбітіп, әр салада табысты еӊбек етуде.

Мемлекет басшысыныӊ атынан облыс әкімі Ишанқұловтар отбасына "Нива-Шевроле" көлігініӊ кілтін табыстады.

Өз кезегінде, Ерғали аға Елбасы мен аймақ басшысына қолдау көрсеткендері үшін алғысын айтып, барлық қазақстандықтарға береке-бірлік тіледі.

Атап өтейік, "Мерейлі отбасы - 2018" байқауыныӊ ережесіне сәйкес ұлттық кезеӊге қатысуға облыстан бас жүлде алған Бәйменовтер мен бірінші жүлделі Ишанқұловтар отбасы ұсынылды. Нәтижесінде Ишанқұловтар отбасы байқаудыӊ дипломанты атанды.

Өздеріӊіз білетіндей, Мемлекет басшысыныӊ өкіміне сәйкес жыл басынан бері елімізде "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсыныӊ финалистерін іріктеу жүргізіліп, 8 қыркүйекте "Отбасы күніне" орай мәреге жетті.

Бұл 2014 жылдан бері бес жыл бойы өткізілетін жыл сайынғы конкурс. Осы уақыт ішінде конкурсқа 12 мыӊға жуық отбасы (11 993) қатысты.

Статистика бойынша барлық қатысушылардыӊ 60 пайыздан астамы - ауылдық жердіӊ өкілдері, 30 пайыздан астамы - көп балалы отбасылар және 20 пайыздан астамы - жас отбасылар.

Биылғы жылы конкурсқа қатысуға республиканыӊ барлық өӊірлерінен 2 952 отбасы өтінім берді. Дәстүр бойынша финалға 16 отбасы шықты, олардыӊ жартысынан астамы -көп балалы еӊбеккер отбасылар.

1. Астана атынан дәрігерлер отбасы Ерекешовтар қатысқан.

Отағасы Ерекешов Асылжан медицина саласында

26 жыл бойы еӊбек етіп жүрген ассистент-профессор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ штаттан тыс бас неонатальды хирургы. Астана қаласында ғана емес, басқа да өӊірлерге шығып, балаларға ота жасайды. "ЭКСПО-2017" Үздік дәрігері құрмет грамотасына ие. Асылжан Ерекешовтыӊ жұбайы - УДЗ дәрігері, үлкен ұлы - С.Асфендияров атындағы медуниверситет студенті, ортаӊғы ұлы - Назарбаев университетініӊ студенті.

2. Алматыда конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Иманғалиевтар отбасы таӊдалды.

Бұл ғалымдар әулеті, бүгінгі таӊда отбасыныӊ барлық мүшелері еліміздіӊ ғылым мен білім саласын дамытуға белсенді қатысады. Бес баланыӊ үшеуі - ғылым кандидаттары және "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлектері.

3. Ақмола облысынан Қалмағанбетовтар отбасы іріктелді.

Бұл еӊбеккерлер отбасы. Отбасы отағасы Сәбит Қалмағамбетов 45 жасқа дейін Ішкі істер министрлігінде жұмыс атқарған, онда азаматтардыӊ қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жоғары марапаттармен және дипломдармен марапатталды. Жұбайы - республиканыӊ еӊ тәжірибелі педагогтерініӊ бірі ретінде "Білім беру саласына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды, сонымен қатар, ол кісініӊ есімі "Қазақстанныӊ Құрметті ұстаздары" энциклопедиясына енгізілді. Үлкен ұлы әке жолын қуған және бүгінгі күні ол облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс істейді.

4. Ақтөбе облысынан Айтбаевтар отбасы ұсынылды.

Айтбаевтар отбасы - еӊбеккер, музыкалық және шығармашылық отбасы. Отбасы отағасы Құдайберген Айтбаев - ауыл шаруашылығы саласыныӊ ардагері. Жұбайы Миуа Низамутдинова "Республикалық маӊызы бар әдіскер ұстазы" медалімен марапатталған. Балалары мен немерелері білім, мәдениет және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Олардыӊ атақты немересі -Димаш Құдайберген - "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығыныӊ лауреаты, "Қазақстан халқыныӊ бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін" ҚР Президентініӊ Құрмет грамотасыныӊ иегері. 2016 жылы Димашқа Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ мәдениет саласында мемлекеттік стипендиясы берілді.

5. Алматы облысынан Карибаевтар отбасы таӊдалды.

Ол жас интернационалдық патронатты отбасы, өздерініӊ 2 баласынан басқа тағы асырап алған 7 баланы (неміс және орыс ұлтты) тәрбиелеп отыр. Біржан Карибаев - жеке кәсіпкер және UZYN.KZ танымал сайттыӊ негізін қалаушы. Жұбайы БЦП және онкологиясы бар науқас балаларға қаражат жинау бойынша Халықаралық қордыӊ еріктісі болып жұмыс істейді. Отбасыдағы барлық балалары қазақ тілінде оқитындығын атап өтейін. 6. Атырау облысынан финалист ретінде Тасқариндер отбасы қатысты. Бұл 5 баланы, 15 немерені және 23 шөберені тәрбиелеп отырған Ұлы Отан соғыс ардагерініӊ көп балалы отбасы. Отбасы отағасы Тасқарин Сүндет соғыстан кейін партия комитетініӊ хатшысы болып жұмыс істеді.

Қазіргі таӊда батырдыӊ барлық балалары білім саласында адал еӊбек етуде.

7. Шығыс өӊірден Қанаевтар отбасы іріктелді.

Жеӊіл өнеркәсіп саласы қызметкерлерініӊ еӊбеккер әулеті Қанаевтар 4 қыз, 7 немере және 10 шөбере тәрбиелеп отыр. Отбасы отағасы зейнеткерлікке дейін Семей қаласындағы "Тері-былғары бірлестігі" зауытында былғары цехында жұмыс істеді. Жұбайы аспазшы мамандығы бойынша қоғамдық тамақтану комбинатында еӊбек етті. Ата-аналар өз арманын жүзеге асырып, барлық қыздарға жоғары білім беріп, бүгін олардыӊ балалары Қазақстанныӊ үздік компаниялары мен ұйымдарында еӊбек етуде.

8. Жамбыл облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Ниязқұловтар отбасы таӊдалды.

Бұл көп балалы мұғалімдер отбасы. Отбасы отағасы Ниязқұлов Умен өзініӊ педагогикалық қызметін қарапайым мұғалім ретінде бастап, мектеп директоры қызметіне дейін жетті. Анасы - Ниязқұлова Баян 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп көп оқушыларды оқытып шығарды. Ерлі-зайыптылар 12 бала тәрбиелеп, 32 немересі мен 20 шөбересі бар. Ұлдары әртүрлі салаларда жұмыс істейді, ал 6 келіні мен 9 немересі мұғалімдер әулетін жалғастыруда.

9. Батыс Қазақстан облысынан Алмағамбетовтар отбасы қатысты. Ол интернационал отбасы, отбасы отағасы болып табылатын Алмағамбетов Иділбек өӊірде малдыӊ ақбас тұқымын өсірумен айналысатын "Бауырым" шаруа қожалығыныӊ басшысы болып жұмыс істейді. Қазақтыӊ ақбас тұқымды Республикалық палатасыныӊ толық құқықты мүшесі болып табылады. Отбасында екі ұлы мен бір қызы тәрбиеленуде. Жұбайы Наталья - қазақ филологиясы кафедрасыныӊ оқытушысы. Үлкен ұлы - ҚР еркін күрес федерациясыныӊ спортшысы. Екінші ұлы көптеген халықаралық конкурстардыӊ жүлдегері.

10. Қарағанды облысынан финалист ретінде Иуезовтар отбасы таӊдалды. Көп балалы еӊбеккер Иуезовтер отбасы

10 бала, 30 немере және 12 шөбере тәрбиелейді. Отбасы отағасы Иуезов Сәбит ұзақ уақыт аға шопан болып жұмыс істеді, ал жұбайы Раушан әр түрлі жұмысшы және шопанныӊ көмекшісі болып жұмыс істеген. "Алтын алқа" алқасымен марапатталған. Иуезовтардыӊ барлық балалары өмір бойы сенімді жүріп келеді. Үлкен ұлы Мақсұтбек мансабын қарапайым оқытушыдан бастап, мектеп директорына дейін өсті, ал кіші қызы Камшат өз мансабын қарапайым қызметкерден бастап, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас экономисіне дейін өсті.

11. Қостанай облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊінде қатысуға номинант болып Семагиндер отбасы таӊдалды. Бұл теміржолшылар әулеті, осы теміржолшылардыӊ жалпы еӊбек өтілі 180 жылды құрайды! Отбасы отағасы Семагин Александр 37 жыл машинист болып жұмыс істеді. Жұбайы Любовь Васильевна темір жолға өмірініӊ 20 жылын арнады. Ерлі-зайыптылар екі ұл мен қызын тәрбиеледі. Ұлдары машинист болып жұмыс атқарады. Қыздарында жоғары теміржол білімі бар.

12. Қызылорда облысынан агроөнеркәсіптік кешен қызметкері Ишанқұловтардыӊ көп балалы еӊбеккер әулеті іріктеп алынды.

Отбасы мал шаруашылығымен айналысады. Ерлі-зайыптылар 14 бала, 52 немере, 25 шөбере және 1 шөпшек тәрбиелеуде. Отбасы отағасы өзініӊ еӊбек жолын жүргізуші болып бастады және өмірініӊ 36 жылын мал шаруашылығына арнаған. Жұбайы Бахира Камардинқызы "Күміс алқа" және "Алтын алқа" иегері. Отбасыныӊ барлық мүшелері өздерініӊ ата-аналарыныӊ үлгісі бойынша мал шаруашылығы саласында жұмыс істейді.

13. Маӊғыстау облысынан көп балалы Кушеновтар отбасы финалист ретінде таӊдалды. Кушеновтар отбасы - мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерініӊ көп балалы отбасы. Жұбайымен 58 жыл бірге тұрады, 6 бала, 20 немере және 2 шөбере тәрбиелеп отыр.

Отбасы отағасы Кушенов Тұрсынғали - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еӊбеккері, соғыс аяқталған соӊ Изірбайжан индустриялық институтын бітірді. Маӊғыстау облысында кен орындарыныӊ ашылуына қатысты. Жұбайы Қаншайым Жүсіпова "Күміс алқа" иегері, Маӊғыстау медициналық қызметініӊ ардагері. Балалары әртүрлі салаларда жұмыс істейді.

14. Павлодар облысында конкурстыӊ ұлттық кезеӊіне қатысуға номинант болып тыл еӊбеккері Қазанғаповтардыӊ отбасы таӊдалды.

Қазанғапов Изім - еӊбек ардагері, тыл еӊбеккері. Радист, киномеханик, жүргізуші, тұтынушы операциясыныӊ маманы болып жұмыс істеді. Жұбайы Қазанғапова Сара аудандық тұтынушылар одағында маман болып жұмыс істеді. Ерлі-зайыптылар 6 бала, 14 немере және 9 шөбере тәрбиелеп отыр. Балалары ауыл шаруашылығы, мәдениет, медицина саласында жұмыс істейді.

15. Солтүстік Қазақстан облысын Эктовтар отбасы ұсынады. Бұл спортшылар әулеті. Отбасы отағасы Александр жұмыс істеген жылдары халықаралық дәрежедегі төрт спорт шеберін, сегіз спорт шеберін, ал жұбайы Нина Викторовна үш спорт шеберін дайындады. Ерлі-зайыптылар 29 жыл бірге тұрады, 2 баласы мен 1 немересі бар. Барлық отбасы мүшелері өз ата-аналарыныӊ үлгісі бойынша спорт саласында жұмыс істейді.

16. Түркістан облысыныӊ атынан Момыновтар отбасы қатысады. Бұл 3 қыз, 2 ұл және 14 немере тәрбиелеп отырған мемлекеттік қызметшілердіӊ көп балалы отбасы. Отбасы отағасы Момынов Мұхтар - Қазығұрт ауданыныӊ Құрметті азаматы, әр жылдары зоотехник-селекционер, бас зоотехник, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ орынбасары, агроөнеркәсіп қауымдастығыныӊ директоры, Қазығұрт ауданы әкімініӊ орынбасары, Ауыл кеӊесініӊ депутаты, "Нұр Отан" ХДП Қазығұрт аудандық филиалыныӊ төрағасы болып жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылар бірге 48 жыл өмір сүрді.

Барлық финалистер Ұлттық комиссия отырысыныӊ шешімімен оныӊ барлық мүшелерініӊ дауыс беруі арқылы іріктелген.

Барлық отбасыныӊ қажырлы жетістіктерге жеткен өзініӊ ерекше тарихы бар, барлық қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанныӊ игілігі үшін еӊбек етуде.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Жаӊғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаӊғырудыӊ маӊызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаӊғыру елдіӊ ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

Мен халқымныӊ тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудіӊ берік діӊі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны