Система Orphus

Қызылорда облысында 100-ден астам бала педагогикалық-психологиялық түзету орталығына жүгіне алады

14.09.2016, 14:11 1749

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Аймақ басшысы Қ.Көшербаев "Педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Мекеме облыс әкімініӊ қолдауымен облыстық білім басқармасы, "Дара" республикалық қайырымдылық Қоры мен "ҚОР" Мұнай компаниясыныӊ өзара меморандумы аясында ашылып отыр.

"Баршаӊызды педагогикалық-психологиялық түзету кабинетініӊ ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау - біздіӊ басты міндетіміз. Облыстағы мүмкіндігі шектеулі 5744 баланыӊ 1775-і жалпы орта білім беру мектептерінде оқиды. Оқыту-тәрбиелеу, түзету, құқықтық кеӊестер беру жұмыстарын жүргізу мақсатында 17 арнаулы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Мәселен, 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы біліммен 29,2%, инклюзивтік біліммен 31% қамтылса, 2015 жылы арнайы біліммен 30,4%, инклюзивтік біліммен 46% қамтылды. Келер жылы арнайы біліммен қамтуды 35%-ға дейін жеткізу, ал инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған білім беру ұйымдарын 23%-ға дейін дамыту көзделуде. Педагогикалық-психоголиялық түзету кабинетініӊ ашылуымен тағы да құттықтай отырып, бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыӊызға сәттілік тілеймін" - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Содан соӊ облыс әкімі ізгілікті істер басынан табылған "Дара" қайырымдылық қорыныӊ құрылтайшысы Гүлнәр Досаеваға және "Қор" Мұнай компаниясыныӊ бас директоры Марат Нұрпейісовке алғыс хат табыстады. Мекеменіӊ жасақталған ЛФК залы, дефектолог, Монтессори, психолог, сурдопедагог және логопед кабинеттерініӊ жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" жанынан инклюзивтік білім беру жағдайындағы ресурстық орталықтыӊ жұмысын ұйымдастыру да жоспарлануда. Сондай-ақ орталық жыл сайын 100-ден астам дамуында ауытқушылығы бар балаларға қызмет көрсететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны