26.05.2017, 16:07 7783

Қызылорда облысында 15 бағытты қамтитын туристік маршрут бекітілді

Палатаныӊ сүйемелдеуімен "Саяхатшы-Қызылорда" қоғамдық бірлестігі "Қызылорда облысыныӊ көрнекі жерлерініӊ картасын", аудандарды енгізе отырып аймақтыӊ туризм саласындағы жол-нұсқасын әзірледі. Бүгінде "Саяхатшы-Қызылорда" қоғамдық бірлестігі www.turist-qyzylorda.kz cайтын әзірлеп, жоғарыда аталған құжаттар мен мәліметтерді сайтқа орналастыру жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы аймақта туризм саласын дамыту бағында жан-жақты шаралар қабылдауда.

Мәселен, жақында Кәсіпкерлер палатасы Қызылорда облысында туристік қызметті дамытудыӊ Жол картасын әзірлеп, жергілікті атқарушы органға келісім алуға жолданды.

Мұнан өзге, Палатаныӊ сүйемелдеуімен "Саяхатшы-Қызылорда" қоғамдық бірлестігі "Қызылорда облысыныӊ көрнекі жерлерініӊ картасын", аудандарды енгізе отырып аймақтыӊ туризм саласындағы жол-нұсқасын әзірледі. Бүгінде "Саяхатшы-Қызылорда" қоғамдық бірлестігі www.turist-qyzylorda.kz cайтын әзірлеп, жоғарыда аталған құжаттар мен мәліметтерді сайтқа орналастыру жұмыстарын жүргізуде.

Иӊірде 2015 жылы "Қызылорда" туристік қауымдастығы құрылған болатын. Қауымдастық жұмысын жандандыру жөнінде кәсіпкерлер палатасы тиісті шешім қабылдады.

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Гүлдана Таӊатова: "Өӊірде туризмді дамыту үшін жүйелі жұмыс жүргізе білетін, саланыӊ дамуына ықпал ететін арнайы ұйым болу қажет. Ондай ұйым біздіӊ облыста құрылған болып шықты, бірақ жұмыс жасамай тұрған. Осы жайтты ескере келе біз "Қызылорда" туристік Қауымдастығыныӊ құрылтайшысымен келіссөздер жүргізіп, Қауымдастық басшысын қайта сайлау туралы ұсыныс енгіздік. Нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында Қауымдастықтыӊ отырысы өткізіліп, бизнес өкілдері Бөлегенова Сәуле Бақытжанқызын қауымдастықтыӊ басшысы етіп сайлады", - дейді.

Сәуле Бөлегенова бұған дейін "Саяхатшы-Қызылорда" қоғамдық бірлестігін құрып, жоғарыда айтылған карта мен жол-нұсқаны, сайтты әзірлеген болатын.

Жалпы, қазіргі таӊда Қызылорда облысыныӊ 15 бағытты қамтитын туристік маршруты бекітілді. Бұлар - еӊ алдымен Арал ауданыныӊ туристік әлеуеті, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоӊыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру алаӊы, Жаӊақорған ауданыныӊ тау сілемдері және өзге де мәдени-ағарту, тарихи және зиярат ету орындары. Туристік маршруттар бойынша "Қызылорда облысыныӊ визиттік карточкасы" бекітілді.

Аймақтыӊ туристік инфрақұрылымы - 85 қонақ үй, 2 сауықтыру мекемесі, 9 балалар сауықтыру лагерлері, 8 мұражай, 559 сәулет-тарихи ескерткіштер және табиғи ресурстармен қамтылған,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны