04.04.2008, 13:13 3128

Қызылорда облысында 2007 жылы құрт ауруымен ауыру көрсеткіші 12,8%-ға азайды

Қызылорда облысында 2007 жылы құрт ауруымен ауыру көрсеткіші 12,8%-ға азайды

Қызылорда. 4 -сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында 2007 жылы құрт ауруымен ауыру көрсеткіші 12,8%-ға азайды. Бұл туралы облыстық құрт ауруына қарсы диспансердің бас дәрігері Ибдіғабит Ибіләзім мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2007 жылы қатерлі дертке шалдығу көрсеткіші 12,8%-ға азайды. Ересектер арасындағы да, балалар мен жасөспірімдер арасындағы да осындай науқастар саны азайып отыр", -деді бас дәрігер.

"Құрт ауруына шалдыққандар көрсеткіші бойынша Қазақстан өңірлері арасындағы алдыңғы үштікке кіретін Қызылорда облысы осындай көшбасшылықтан құтылуға талпынып отыр", - деді ол.

Оның айтуынша, облыстық диспансерде алғаш рет "100-ден артық орын бос тұрса, бөбектерге арналған бөлім тіпті жабылды".

Өткен жылы Қармакшы, Қазалы және Сырдария аудандарында туберкулезге қарсы диспансер пайдалануға берілді. Балаларды оқшаулау мен сауықтыру мақсатында облыста санаторий үлгісіндегі 14 балабақша жұмыс істейді, оларда 44 тәуліктік топтар бар.

"Медиктер құрт ауруының мультирезистенттік түрімен ауыратындар санының артуы алаңдатады, ал бұл түр стационардағы жай емдеуге көнбейтін дерт", -деді А. Ибіләзім.

Өңірде бұрынғыдай, кәсіби фтизиатрлар мен рентгенологтар жетпейді.

2008 жылы "көп функциялы рентген аппараты мен басқа да заманауи жабдықтарды сатып алу жоспарланған".

Сонымен бірге, 2008 жылы Туберкулез проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекші мамандарының қатысуымен Қызылордада мастер-класс өткізу жоспарланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны