06.01.2014, 21:56 4036

Қызылорда облысында 2014-2015 жылдарға арналған жастар саясатын дамыту бойынша "Жол картасы" қабылданды

Облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың студенттеріне қолдау көрсетілуде. 2012 жылы студенттер үшін қоғамдық көлік жеңілдіктеріне 59,8 млн теңге бөлінсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 84,4 млн теңгеге артты.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облысында 2014-2015 жылдарға арналған жастар саясатын дамыту бойынша "Жол картасы" қабылданды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.

"Жастармен мақсатты жұмыс жасау және тиімді ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуға бағытталған "Жастарды қолдау орталығы" ашылды. Сонымен қатар "Жол картасы" аясында жастар саясаты саласында әлеуметтік жобалар іске асырылды", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың студенттеріне қолдау көрсетілуде. 2012 жылы студенттер үшін қоғамдық көлік жеңілдіктеріне 59,8 млн теңге бөлінсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 84,4 млн теңгеге артты.

Хабарламада айтылғандай, 2014 жылы "Жол картасы" аясында аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Статистика бойынша, Қызылорда облысында жастар саны шамамен 204,6 мыңды құрайды. Мұнымен қоса облыста 60 жастар ұйымы тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны