07.04.2017, 16:37 10755

Қызылорда облысында 2015 жылы "Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтіӊ алдын алу" атты пилоттық жобасы енгізілген

Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Жастар денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияна орай сала басшыларыныӊ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Қызылорда. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Жастар денсаулығы мен өмірлік дағдылары: заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияна орай сала басшыларыныӊ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Р.Рүстемов, Қазақстандағы БҰҰ-ныӊ Балалар Қоры бағдарламаларыныӊ үйлестірушісі А.Қадырова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі психикалық денсаулықтыӊ республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығыныӊ директоры С.Алтынбеков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығыныӊ директоры Ж.Баттақова, ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасыныӊ орынбасары Е.Ерсайынов қатысты.

Жиын барысында бүгінгі күнніӊ өзекті мәселесіне айналған жасөспірімдер арасындағы суицидтіӊ алдын алу тәжірибесі және күрес жүргізуге көмегін беретін басқа да жобалар бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар барысы талқыланды.

"Суицидтіӊ тиімді алдын алу жұмысын ұйымдастыру үшін жоба аясында біздіӊ облыста білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, құқық қорғау, ақпараттандыру қызметтерін қамтитын, салааралық кешенді жұмыстар атқарылуда. Қазақстанға әлемде бар тәжірибені алып келіп, оны бейімдеп енгізуге жағдай жасаған БҰҰ-ныӊ балалар қоры - ЮНИСЕФ-тіӊ зор үлесін атап өткім келеді. Бұл жоба жүйелік сипаттағы оӊ нәтижесін беруде. Қазақстандық мамандар тиімді әдістеме мен жұмысты ұйымдастыру дағдыларына ие болды, жобаны бүкіл ел көлемінде жүзеге асыруға байланысты өзіндік көзқарас пен іс-қимыл алгоритмі қалыптасты" - деді Р.Рүстемов.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 2015 жылы Республикада алғашқы облыстардыӊ бірі болып Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ "ЮНИСЕФ" Балалар қорыныӊ "Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтіӊ алдын алу" атты пилоттық жобасы енгізілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны