10.04.2017, 17:51 4814

Қызылорда облысында 2016-2017 оқу жылында 294 күндізгі жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істеуде

Бір маусымда жұмыс жасайтын мектептер саны - 63, онда 83418 бала, екі маусымда - 230, онда сәйкесінше 58467 бала білім алуда.

Қызылорда. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2016/2017 оқу жылыныӊ басына 294 күндізгі жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істеді. Мектептердіӊ жалпы санынан 3,1% - бастауыш, 8,2% - негізгі орта, 88,7% - жалпы орта. Мемлекеттік мектептердіӊ саны 293 немесе 99,7% құрайды, онда 141885 оқушы білім алуда. Жеке меншік мектеп саны - 1-еу, онда 68 оқушы білім алады. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ статистика департаментінен хабарлады.

2016/2017 оқу жылыныӊ басына облыста 141953 оқушы тіркелді, олардыӊ саны 2015/2016 оқу жылымен салыстырғанда 4868 оқушыға немесе 3,5% көбейген.

Облыста ұлыстардыӊ өмір сүруі мемлекеттік тіл саясатын өткізуді, ұлттық мәдениеттердіӊ өзара іс-қимылын, одан әрі дамуын қарастырады. Қазіргі таӊда облыстыӊ күндізгі жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілде білім алу үдерісі сақталып келеді, оқушылар санынан олардыӊ саны 92% немесе 130600 оқушыны құрайды. Орыс тілінде 8% немесе 11285 оқушы білім алуда.

Бір маусымда жұмыс жасайтын мектептер саны - 63, онда 83418 бала, екі маусымда - 230, онда сәйкесінше 58467 бала білім алуда.

Тәрбие жұмысыныӊ үдерісінде сабақ беру сапасы ерекше орын алады. Облыста күндізгі білім беру мектептеріндегі мұғалімдердіӊ саны есепті кезеӊге 16946 адамды құрады және өткен жылмен салыстырғанда 4,7% азайды. Мұғалімдердіӊ біліктілік деӊгейі елеулі түрде жақсаруда. 2016/2017 оқу жылында жоғары білімді мұғалімдердіӊ саны олардыӊ жалпы санынан - 94,3%, техниқалық және кәсіптік білімімен - 5,7% құрады.

2016/2017 оқу жылы 6103 оқушы орта білім туралы куәлік алды және өткен жылмен салыстырғанда олардыӊ саны 8% азайған. Мектептерді 129 оқушы "Алтын белгі" аттестатымен бітірсе, 69 бітіруші "Үздік аттестат" игерлері атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны