24.10.2017, 17:32 5166

Қызылорда облысында 2017 жыл бюджетінде білім беру саласына - 89,5 млрд., денсаулық сақтауға - 24,9 млрд., әлеуметтік салаға - 23,2 млрд. бөлінді

Қызылорда облысы әлеуметтік салаға қаржы бөлу жөнінен республикада алдыӊғы қатарда. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімініӊ орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әлеуметтік салаға қаржы бөлу жөнінен республикада алдыӊғы қатарда. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімініӊ орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.

Осы жыл бюджетінде білім беру саласына - 89,5 млрд., денсаулық сақтауға - 24,9 млрд., әлеуметтік салаға - 23,2 млрд. бөлінді. Ал қаражаттыӊ игерілуі 9 айдыӊ қорытындысымен 98,8 %ды құрады. Жыл аяғына дейін толықтай игеріледі деп күтілуде.

Облыста мұнай өндіру көлемі жыл сайын төмендеуде. Алайда, облыс әкімініӊ ел экономикасын әртараптандыру бастамасы облыстыӊ дамуына айтарлықтай серпіліс беріп отыр. Дегенмен, өӊір экономикасыныӊ макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы артты. Осы жылдыӊ 9 айында облыстыӊ өнеркәсіп кәсіпорындары 547,9 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндірді. Сонымен қатар, өӊдеу өнеркәсібінде де өсу байқалады. Тамақ өнімдері, химия өнеркәсібі және мұнай өӊдеу өнімдерін өндірудіӊ артуы есебінен өӊдеу өнеркәсібінде өсім 6,2 %ға артты, - деді Қуанышбек Досмайылұлы.

Баспасөз конференциясында өӊірдегі жұмыссыздық деӊгейі 4,8 %ға төмендегені айтылды. Биыл 10 997 жаӊа жұмыс орны құрылды, оныӊ 9 587 тұрақты жұмыс орындары.

Жалақыныӊ уақытылы төленуі де бақылауда. Осы кезеӊге дейін 79 кәсіпорын мен мекеменіӊ 1805 жұмысшысына 225 млн. теӊге жалақы қарызы өндіріліп берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны