26.06.2017, 09:06 4319

Қызылорда облысында "26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында нашақорлыққа қарсы акция өтті

Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - "26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы акция өтті. Шара барысында ортақ іске үлес қосып жүрген журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері департамент тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылымдар, ән мен би көрермен назарына ұсынылды.

Кешенді іс-шараға қатысушыларға үгіт-насихат өнімдері таратылды.

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны