17.11.2018, 15:37 6209

Қызылорда облысында 2 жолаушылар автобусыныӊ соқтығысуы салдарынан 2 адам оқиға орнында мерт болып, бір бала ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды

"Қазалы-Қызылорда" және "Қызылорда-Қармақшы" бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Медициналық көмек 74 жолаушыға көрсетілді,оныӊ 29-ы ауруханаларға жеткізілді және дәрігерлердіӊ бақылауында. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды.

Қызылорда. 17 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Самара-Шымкент" тасжолында 2 жолаушылар автобусыныӊ соқтығысуы салдарынан 2 адам оқиға орнында мерт болып, бір бала ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы бүгін таӊертеӊ өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығыныӊ орынбасары Олжас Ысқақов хабарлады.

Облыс әкімініӊ баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, 16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында облыс орталығы Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде Қармақшы ауданыныӊ Ақжар ауылы маӊында "Самара-Шымкент" тасжолында 2 жолаушылар автобусыныӊ соқтығысқаны туралы хабар келіп түсті.

"Қазалы-Қызылорда" және "Қызылорда-Қармақшы" бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Медициналық көмек 74 жолаушыға көрсетілді,оныӊ 29-ы ауруханаларға жеткізілді және дәрігерлердіӊ бақылауында. Қалған 45 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Апат орнында 2 адам қайтыс болды және ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды",-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ орынбасары Олжас Ысқақов Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алғаннан кейін апат орнына Қармақшы ауданыныӊ әкімі Сұлтан Мақашов пен аудан әкімдігініӊ қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары мен жергілікті полиция қызметініӊ, сондай-ақ төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментініӊ басшылары барды.

Оқиға орнында жергілікті полиция қызметініӊ 34 қызметкері,13 арнайы техника мен 34 төтенше жағдайлар департаментініӊ маманы, 130 медицина саласыныӊ қызметкері, оныӊ ішінде 16 дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

84 жолаушыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Жалағаш және Жосалы аудандарында екі аурухана және облыстық медициналық орталық зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Қайтыс болған жандардыӊ отбасыларына жергілікті билік тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Бүгін сағат 10.00-де Өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, жұмылдыру дайындығы басқармалары және жергілікті полиция қызметі басшыларыныӊ қатысуымен брифинг өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны