02.09.2016, 11:20 3202

Қызылорда облысында 300 орынды мектеп ашылды

Бүгінде 12 мектептіӊ құрылысы басталды, олардыӊ жыл соӊына дейін 5-еуі пайдалануға беріледі. Ал биылғы жаӊа оқу жылыныӊ басында облыс бойынша 4 мектеп ел игілігіне берілді.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Білім күнінде Тасбөгет кентінде №172 орта мектеп пайдалануға берілді. Апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд. 44 млн. теӊге қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінде 12 мектептіӊ құрылысы басталды, олардыӊ жыл соӊына дейін 5-еуі пайдалануға беріледі. Ал биылғы жаӊа оқу жылыныӊ басында облыс бойынша 4 мектеп ел игілігіне берілді.

"2016 жылы білім нысандарыныӊ құрылысына 3,4 млрд. теӊге бөлініп, жаӊадан 4 мектеп пен 2 балабақшаныӊ құрылысы жүргізілді. Сонымен бірге, облыста 14 мектеп пен 7 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 900 млн теӊгеден астам қаржы бөлініп, бүгінгі таӊда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін міне, Мемлекет басшысыныӊ қолдауы"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында құрылысына 630 млн. теӊге бөлінген 300 орынды жаӊа мектеп ел игілігіне берілгелі отыр",- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Содан соӊ Тасбөгет кенті ардагерлер қоғамдық кеӊесініӊ мүшесі Қ.Достыбаев ата-аналар атынан сөз сөйлеп, алғысын білдірді, ал мектеп директоры Майра Садуоваға жаӊа ғимараттыӊ символикалық кілт тапсырылды.

Соӊғы 4 жылда Қызылорда облысыныӊ білім саласына бөлінетін қаржы 2 есеге артты. 2013-2015 жылдары облыс бойынша 43 білім беру нысаныныӊ құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Біріншісі, үш ауысымда оқытатын мектептер болмауы керек. Екіншісі, апаттық жағдайдағы мектептер проблемасын шешу, үшіншісі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін балабақшамен қамту. Қазір Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Ал 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін аймақ белгіленген мерзімінен бұрын орындап қойды. Енді апатты жағдайдағы 11 мектептіӊ құрылысы биыл басталатын болады. Сонымен қатар, жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар үшін облыс әкімініӊ 350 білім гранты тағайындалып келеді. Қызылорда облысы - республика бойынша Ресей Үкіметініӊ 150 білім грантын иеленген жалғыз аймақ. Осы гранттар арқылы қазір сырбойылық талапты жастар Мәскеу мен Санкт-Петербургтіӊ жоғары оқу орындарында білім алуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны