15.10.2010, 16:44 4046

Қызылорда облысында 374 мың тоннадан астам күріш жиналды

Қызылорда облысында 374 тоннадан астам күріш жиналды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Қызылорда. 15 - қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 374 тоннадан астам күріш жиналды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

"Биылғы егін орағы соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болды",- деп атап көрсетті ауылшаруашылық басқармасының бастығы Бақыт Жаханов. Оның мәліметтеріне сүйенсек, "дихандар 77 400 га жерден еш шығынсыз 374 мың тонна күріш жинаған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 мың тоннаға артық".

"Мен мұны биылғы куаңшылық жылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан орасан зор үлестеріңіз деп санаймын. Сіздер Отанымыздың байлығы мен беделін өсірудегі бірліктің, ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің үлкен үлгісін көрсеттіңіздер. Облыс ауылдарының дихандары мен еңбекшілеріне үлкен алғысымды білдіремін",- деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны