27.09.2017, 23:51 5673

Қызылорда облысында "А" корпусыныӊ кадрлық резервіне үміткерлер үшін үш күндік семинар басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен Өӊірлік оқу орталығыныӊ базасында "А" корпусыныӊ кадрлық резервіне үміткерлер үшін үш күндік семинар басталды.

Қызылорда. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен Өӊірлік оқу орталығыныӊ базасында "А" корпусыныӊ кадрлық резервіне үміткерлер үшін үш күндік семинар басталды.

Үш күн оқуда сарапшылар мен білікті мамандар "А" корпусыныӊ кадрлық резервіне үміткерлерге Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамалары бойынша дәріс береді.

Семинардыӊ ашылуында департамент басшысы Абзал Мұхимов мемлекеттік саясаттыӊ іске асырылуына жауапты кәсіби басқарушылар үшін мұндай шаралардыӊ берері мол екендігін жеткізді.

"А" корпусыныӊ кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу тәртібініӊ ережелеріне сәйкес құжаттарды қабылдау осы жылдыӊ 4-15 қыркүйек аралығында өткізілді. Бұдан кейін, үміткерлер Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасын білуі және жеке басыныӊ қасиеттерін бағалау, логика, ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеуден өтеді. Тестілеу қорытындысы бойынша өӊірлік кадр комиссиясында және ұлттық комиссияда әӊгімелесу өткізіледі.

Департаментке "А" корпусыныӊ кадрлық резервіне іріктеуге қатысу үшін 17 адамнан өтініш түсті. Құжаттарды қарау қорытындысымен 13 үміткер белгіленген арнайы біліктілік талаптарына, "ҚР Мемлекеттік қызметі туралы" Заӊ талаптарына сәйкес тестілеуге рұқсат алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны