24.04.2017, 15:52 4402

Қызылорда облысында Идеп жөніндегі кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті

Қызылорда облысында Идеп жөніндегі кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Идеп жөніндегі кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті. Жиында Қызылорда облысындағы жергілікті атқарушы органдардыӊ Идеп жөніндегі уәкілі С.Шотаевтыӊ 2017 жылдыӊ І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыӊдалды.

Сонымен қатар, Идеп жөніндегі кеӊес мүшелері Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округініӊ әкімі Е.Бейсенбаевтыӊ тәртіптік ісін қарады. Нәтижесімен Е.Бейсенбаевқа Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін "атқаратын қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, отырыста Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімініӊ басшысы мен сектор меӊгерушісініӊ тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны