30.06.2017, 16:24 10049

Қызылорда облысында ағылшын тілін меӊгерген пән мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасы республикада бірінші болып енгізілді

Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша колледждіӊ 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибені бірте-бірте магниттік мектептер ретінде басқа мектептерге тарататын боламыз, - дейді басқарма басшысы.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшіруге сәйкес облыс басшылығы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары" АҚ және КАТЕV халықаралық қоры арасында жасалған меморандум аясында аймақта пилотты жоба қолға алынды.

Қызылорда облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Б.Сайлыбаевтыӊ айтуынша ағылшын тілінде білім беруге көшуді 2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлері тәжірибесі негізінде алдымен инновациялық 46 мектеп-лицейдіӊ лицей сыныптарына енгізілген.

- Лицей сыныптарыныӊ оқу жоспарларына жаратылыстану бағытындағы пәндерді тереӊдетіп оқыту мақсатында аптасына қосымша 4 сағат оқу жүктемесін енгізіп, ағылшын тілін аптасына 3 сағат көлемінде үйірме жұмыстары есебінде қосымша меӊгеруді және университет ғалымдарыныӊ ғылым бағыттары бойынша дәрістерін тыӊдауды қарастырған. Сонымен қатар, КАТЕV халықаралық қорыныӊ қолдауымен 2015-2016 оқу жылынан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде ағылшын тілін меӊгерген физика, математика, информатика пәндерініӊ мұғалімдерін даярлау пилоттық жобасын республикада алғашқы болып енгіздік. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша колледждіӊ 1-2 курсында 150 студент білім алуда. Колледжді 2018-2019 оқу жылы бітірген алғашқы 75 түлек мектеп-лицейлерде ағылшын тілінде дәріс беретін болады. Бұл тәжірибені бірте-бірте магниттік мектептер ретінде басқа мектептерге тарататын боламыз, - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндердіӊ ішінен оқушыныӊ таӊдауы бойынша 2 пәні жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын болады. Инновациялық білім беру ұйымдары ағылшын тілін тереӊдетіп оқыту есебінен пәндерді ағылшын тілінде оқытуға қиындықсыз өтеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны