24.05.2017, 15:51 3977

Қызылорда облысында аналар кеӊесініӊ форумы өтті

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық Аналар кеӊесініӊ "Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаӊғыру" атты форумы өтті.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық Аналар кеӊесініӊ "Дәстүрлі құндылықтар және рухани жаӊғыру" атты форумы өтті. Оған жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлыныӊ келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды, ұлттық рухты насихаттаушы Зейнеп Ахметова, облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық, аудандық Аналар кеӊесініӊ мүшелері, көпбалалы аналар мен этномәдени бірлестік мүшелері, мұғалімдер, қала тұрғындары қатысты.

Шараны облыс әкімініӊ орынбасары Р.Рүстемов жүргізеді. Форумныӊ маӊыздылығын атап, З.Ахметованыӊ өнегелі өмір жолына тоқталып өтті.

Салт-дәстүр насихатшысы Зейнеп Асқарбекқызы "Шуақты күндер", "Изіліӊді сағындық", "Бабалар аманаты" кітаптарыныӊ авторы.

Форум барысында Зейнеп Асқарбекқызы отбасылық құндылықтар, дәстүрлі дін, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғам қалыптасуындағы ана-әже рөлі туралы айтып, қатысушылардыӊ сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, ата мен келінніӊ арасындағы байланысты, қаталдық артындағы жұмсақтықты, таяқтыӊ ұшындағы тәрбие мәселелеріне тоқтала кетті. Батырдыӊ келіні болу - үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап еткендігін де айтып өтті.

Айта кету керек, дана келін, дара келін Зейнеп Асқарбекқызымен кездесуге келушілер қатары көп болды. Ғибратты әӊгімелерін тыӊдап, өнегелі өсиеттерін ойларына түйді. Форум пікір-алмасу, сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны