03.05.2017, 15:11 4240

Қызылорда облысында ардагер ұстаз Дубайға жолдама ұтып алды

Мен әр уақытта аспан түстес көк түсті ұнатушы едім. Сүйікті түсім сәттілікке бастап, Біріккен Араб әмірлігіне саяхаттап бару мүмкіндігіне ие болғаныма қуанышым шексіз. Қазір жолға әзірлік қамындамын", - дейді Қ.Бекетов.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Жақында "Қазақстан" ұлттық арнасыныӊ "Таӊшолпан" бағдарламасында "Қазалы" газетініӊ қоғамдық негіздегі тілшісі, ардагер ұстаз Қадырбек Бекетов жеӊімпаз болып танылып, туристік саяхатқа жолдама ұтып алды, - деп хабарлады "Сыр бойы" газетініӊ тілшісі.

Алғаш 19 сәуір күні сұрақтар қойылып, ешкім жеӊімпаз болып танылмай, жүлдеге тігілген жолдама екінші күнге қалдырылған болатын. 20 сәуір күні бағдарлама жүргізушілері жиырмадан астам әр түсті шарды көрсетіп, олардыӊ бірінде Дубай қаласына жолдама барын айтқаны көпшілік көрерменніӊ есінде. Дәл сол кезде телефон шалып, желіге түскен Қадырбек Бекетов жасырынған жүлдені тауып, тігілген ұтысты ұтып алды.

"Таӊшолпан" бағдарламасына ұдайы хабарласып, сұрақтарына жауап беріп, ойларыммен бөлісіп отырамын. Бағдарламаныӊ маған үлкен мүмкіндік бергенінен аз уақытта көпшілік хабардар болып үлгіріпті. Күндіз-түні телефон тұтқасы құттықтаушылардан босамай тұр.

Мен әр уақытта аспан түстес көк түсті ұнатушы едім. Сүйікті түсім сәттілікке бастап, Біріккен Араб әмірлігіне саяхаттап бару мүмкіндігіне ие болғаныма қуанышым шексіз. Қазір жолға әзірлік қамындамын", - дейді Қ.Бекетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны