16.03.2017, 17:31 8315

Қызылорда облысында "Атамекен" балалар ауылы жұмыс істеуде

"Атамекен" балалар ауылы 2015 жылдыӊ 1 маусымында - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Мұнда 80 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Жалпы көлемі 2 гектарды құрайтын жерде 8 коттедж үй және әкімшілік ғимарат орналасқан.

Қызылорда. 16 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалыныӊ белсенділері "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" жобасы бойынша "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, тәрбиеленуші балалардыӊ тұрмыс жағдайымен танысты.

"Атамекен" балалар ауылы 2015 жылдыӊ 1 маусымында - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Мұнда 80 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Жалпы көлемі 2 гектарды құрайтын жерде 8 коттедж үй және әкімшілік ғимарат орналасқан.

"Бұл үй қамқорсыз қалған балалардыӊ отбасы жылуын сезініп, ана-тәрбиешілердіӊ мейіріміне бөленулері үшін арнайы жасалған. Сол үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Қазіргі таӊда 52 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Оныӊ ішінде 26-сы - ұл, 26-сы қыз бала. Елбасы мен облыс әкімініӊ тікелей қолдауыныӊ нәтижесінде мұнда балалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Балалардыӊ көӊіл-күйлері жақсы", - дейді мекеме басшысы Лиза Скакова.

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Шәріп Ибдрахманов "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" жобасы ата-ананыӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейтінін атап өтіп, партия жобасы аясында 2015 жылы осы үйдіӊ тәрбиеленушісі Наргиз Кашапованыӊ Мәскеудіӊ Тимирязев атындағы академиясыныӊ жер кадастрі факультетіне оқуға түскенін жеткізді. Сондай-ақ, өткен жылы Дәлі Медет Қорғанбекұлы облыс әкімі, партия филиалыныӊ төрағасы Қырымбек Елеуұлыныӊ қолдауымен Мәскеу қаласындағы Мәскеу болат және құрыш қорыту институты (МИСиС) метал өӊдеу факультетініӊ студенті атанғандығын айтты. Болашақ металлург Медетке "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтіӊ тікелей қолдауымен "Нұр Арман" жаӊа партиялық жобасы арқылы қаржылай көмек көрсетіліп отырғандығын да айтып өтті.

Кездесу барысында мекеме басшылығы партия өкілдеріне балалардыӊ дене шынықтырумен айналысулары үшін арнайы жабық түрдегі ғимарат, яғни, спорт залы қарастырылса деген ұсыныстарын алға тартты.

Кездесу соӊында "Халық" бастауыш партия ұйымыныӊ мүшелері балаларға арнап дайындаған базарлықтарын тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны