19.05.2017, 15:34 7873

Қызылорда облысында "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық нұротандықтар "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі 3 сынып оқушысы Гауһар Ибраеваға қаржылай көмек көрсетті.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық нұротандықтар "Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі 3 сынып оқушысы Гауһар Ибраеваға қаржылай көмек көрсетті.

"Гауһар Жосалы кентіндегі №27 мектептіӊ 3 сынып оқушысы. Үйден оқытылады. Аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленуде. Ата-анасы жұмыссыз. Отбасында 5 баланыӊ екеуі мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі болса да, сабақты жақсы оқиды, әрі өнерлі",- дейді партия қабылдауына өтініш білдірген сынып жеткшісі Жұлдызай Битенова.

Гауһар мүмкіндігі шектеулі балғындар арасындағы облыстық байқауда жеӊімпаз атанып, 25 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында республикалық деӊгейде мүмкіндігі шектелуі балғындар арасындағы "BI Жұлдызай" өнер байқауына жолдама алған. Шәкіртініӊ жағдайын ойлаған Жұлдызай осы байқауға бару үшін партиялықтардан көмек сұраған.

Жұлдызайдыӊ өтініші назардан тыс қалмады. Нұротандықтар ұйымдастырған бұл жолғы қайырымдылық шарада құқық қорғау органы саласыныӊ қызметкерлері белсенділік танытты. Атап айтар болсақ Қызылорда облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасыныӊ ММ 2- полиция батальоныныӊ 3- ші взвод командирі, полиция капитаны Бегім Ибраев, 2- полиция батальоныныӊ 3-ші взвод командирініӊ көмекшісі, полиция аға сержанты Камал Ибдіқасымов, 2- полиция батальоныныӊ 3- ші взвод полиция сержанты Жомарт Бахрадинов сондай-ақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығыныӊ басшысы Имір Сағатов қатысып, өнерлі бүлдіршінге демеушілік көрсетті.

Шара барысында "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Дастан Буханов өнерлі балғынға шығармашылық табыс тілеп, белсенділік танытқан, көмек қолын созған азаматтарға партия атынан шынайы алғысын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны