31.03.2017, 21:12 9962

Қызылорда облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар талқыланды

Қызылорда облысыныӊ Достық үйінде Идеп жөніндегі кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Қызылорда. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Достық үйінде Идеп жөніндегі кеӊестіӊ кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Отырыста облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Б.Сайлыбаев салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Кеӊес мүшелері осы бағыттағы заӊнамалардыӊ сақталуын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, жиында Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев аудандағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама.

Сондай-ақ, Идеп жөніндегі кеӊесте Қызылорда қаласы Қосшыӊырау ауылдық округініӊ әкімі Б.Арысбаевтыӊ тәртіптік ісі қаралып, оған мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін оған "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, кеӊес отырысында Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментініӊ басшысы Р.Чагайдыӊ тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу туралы мәселесі талқыланып, кеӊес оныӊ тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөнінде шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны