19.04.2017, 16:10 4893

Қызылорда облысында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтті

Шара қазақ әдебиетініӊ аса көрнекті тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтыӊ шығармашылығына арналып отыр.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтті.

Шара қазақ әдебиетініӊ аса көрнекті тұлғасы Сұлтанмахмұт Торайғыровтыӊ шығармашылығына арналып отыр.

Қараӊғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды көздеген ақын ұлтттыӊ қамын шығармашылығына өзек етті. Шарада жастар ақынныӊ "Адасқан өмір" поэмасынан үзінді оқып, әдеби кеш қонақтарын Сұлтанмахмұттыӊ бұралаӊ жолдары көп қилы тағдырына бойлатты.

Акцияныӊ басты ерекшелігі - республика бойынша оқырмандар қауымы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын бір мезгілде оқып-талқылауы болды.

- "Бір ел - бір кітап" жұртты кітап оқуға шақырады. Кітапты насихаттап, жастарды елжандылыққа баулиды. Акция жыл бойына кітапты насихаттаудыӊ инновациялық түрлерімен жалғасын табатын болады,-дейді облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорыныӊ орынбасары Бақытнұр Мырзахметова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны