Система Orphus

Қызылорда облысында бірінші басшылар азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізді

30.09.2017, 11:59 2213

Қызылорда. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысыныӊ құқық қорғау қызметтері орталығында құқық қорғау және мемлекеттік органдардыӊ бірінші басшылары кезекті азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп, 1 сағаттыӊ ішінде 60 адамды қабылдады.

Оныӊ ішінде 10 адам тікелей облыс прокурорыныӊ жеке қабылдауында болды.

Қабылдау барысында барлық тұрғындарға тиісті түсіндірме берілсе, ал жекелеген шағымдар облыс прокурорыныӊ жеке бақылауына алынды.

Жеке қабылдаудыӊ бұл түрі азаматтардыӊ мәселелерін жедел шешу мүмкіндігін берумен қатар, ұзақ уақыт алатын әкімшілік рәсімдеулерсіз уақытында құқықтық көмек көрсетуге өз септігін тигізеді.

Орталықта бекітілген кестеге сәйкес (әр айдыӊ соӊғы аптасыныӊ бейсенбісінде сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін) құқық қорғау және мемлекеттік органдардыӊ басшылары қабылдау жүргізеді.

Жалпы Орталық бір ай ішінде барлығы 189 азаматтарды қабылдаса, олардыӊ 26-ы өтініштермен жүгінген.

Прокурорлар жалпы бүгінгі күнге дейін 72 азаматтарды қабылдап, олардыӊ 57-не ауызша түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, 15 азаматтан жазбаша өтініштерді қабылдаған.

Бұл тектес қарқынды жұмыстар әрі қарай өз жалғасын таппақ, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны