27.01.2009, 18:26 3810

Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар жасалды

Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар жасалды

Қызылорда. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен Сержан Наметша облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметінен босатылып, облыстық жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ал Ерлан Тұралиев осы бұйрықпен облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, облыс әкімінің бұйрығымен Майдан Мәселеева Қызылорда облысының әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны