11.09.2017, 18:13 4034

Қызылорда облысында "Біздіӊ денсаулығымыз - өз қолымызда" тақырыбында акция өткізілді

Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Қызылорда қалалық әкімдігініӊ ұйымдастыруымен "Біздіӊ денсаулығымыз - өз қолымызда" тақырыбында акция өткізілді.

Қызылорда. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ талаптарын орындау мақсатында Қызылорда облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Қызылорда қалалық әкімдігініӊ ұйымдастыруымен "Біздіӊ денсаулығымыз - өз қолымызда" тақырыбында акция өткізілді.

Акцияныӊ негізгі мақсаты - есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар мен жасөспірімдердіӊ арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттіӊ кеӊ етек алуын болдырмау болып табылады.

Шараға Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшылығы, "Жас Отан" жастар қанатыныӊ белсенді мүшелері, қоғамдық ұйым өкілдері, дәрігерлер мен әртістер және есірткініӊ алдын алу тақырыбында ұйымдастырылған сайыс жеӊімпаздары қатысты.

Жиын барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, есірткі қылмысы мен құқық бұзушылықтарына қатысты ақпараттар берілді. Сонымен қатар, "Жас Отан" жастар қанаты мүшелерініӊ жастарға арналған үндеулері, ақыл-кеӊестері тыӊдалды.

Шара соӊы концерттік бағдарламаға ұласып, флешмоб ұйымдастырылды, жастардыӊ орындауында билер биленіп, әндер айтылды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны