02.05.2017, 17:15 4425

Қызылорда облысында "Болашағы біртұтас ұлт" атты форум өтті

Қызылорда облысында 1 мамыр күні Достық үйініӊ алаӊында Қазақстан халқыныӊ бірлігі мерекесіне арналған "Болашағы біртұтас ұлт" атты форум өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық ассамблея, этномәдени бірлестік мүшелері, қала тұрғындары қатысты.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 1 мамыр күні Достық үйініӊ алаӊында Қазақстан халқыныӊ бірлігі мерекесіне арналған "Болашағы біртұтас ұлт" атты форум өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық ассамблея, этномәдени бірлестік мүшелері, қала тұрғындары қатысты.

Қазақстан бүгінде берекелі тірлікпен талай белді асты. Достық пен бірліктіӊ арқасында еліміз жылдан жылға өркендеп, гүлденуде

Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, сан ұлттыӊ саялы бесігі болған Сыр елінде бірліктіӊ арқасында жүзеге асқан жетістіктерге тоқталды.

- Халқымыздыӊ "Ырыс алды - ынтымақ" деген қанатты сөзініӊ астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күнніӊ, татулықтыӊ темірқазығындай еӊ басты құндылық - бекем бірлік біздіӊ баға жетпес байлығымыз болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, "Қазірде қазақ елі - өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет". Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз. Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халық достығыныӊ арқасында бүгінде мемлекеттіміздіӊ экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтыӊ сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде. Елбасыныӊ көреген саясатыныӊ арқасында бүгінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаӊырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктіӊ жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еӊбектеріӊізге табыс әкелсін! Ынтымағымыз жарасып, ырысымыз арта берсін", - деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Қызылорда қаласыныӊ құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мүшесі Махмұтбай Иміреұлы, №198 орта мектептіӊ мұғалімі Надежда Ярынюк, Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ ағылшын тілі пәні мұғалімі Жеткерген Жаншораев және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ніӊ кафедра меӊгерушісі, PHD докторы Сәбит Ибадулла жұртшылықты ынтымақ пен татулық мерекесімен құттықтады.

Шара аясында "ЭКСПО-2017", "Қуатты Қазақстан", "Бірлік, Ынтымақ, Бейбітшілік" деген жазулары бар лента байланған шар бумалары көкке ұшырылды. Мереке "Мақсаттар бірлігі - рух бірлігі" атты этномәдени бірлестіктерініӊ өнер фестивалімен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны