18.07.2018, 17:17 4784

Қызылорда облысында бұзақылық ниетпен оқ атқан азаматтарға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 106-бабыныӊ 2-бөлігініӊ 1-тармағымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге деп белгіленді.

Қызылорда. 18 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 26 және 24 жастағы сотталушы Ж. мен Қ-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Іс-құжаттары бойынша Арал ауданында мейрамханада екі мөлтек ауданныӊ балалары бір-бірімен сөзге келген. Одан кейін араларындағы дауды шешу мақсатында мейрамхана алдына жиналып, сөйлесіп, арты төбелеске айналған. Осы кезде сотталушы Қ. адамдар тобы болып, атыс қаруын қолдану арқылы, азаматтардыӊ денсаулықтарына қатер төндіріп, аспанға бір рет бұзақылық ниетпен оқ атқан. Ал, сотталушы Ж. пышақпен қаруланып, қарсы топтыӊ балаларына ауыр дене жарақаттарын салған.

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексініӊ 106-бабыныӊ 2-бөлігініӊ 1-тармағымен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге деп белгіленді.

Сотталушы Қ. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексініӊ 293-бабыныӊ 3-бөлігініӊ 2-тармағымен (атыс қаруымен жасалған бұзақылық) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, оған пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны