03.05.2017, 15:15 4563

Қызылорда облысында дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда

Қызылорда облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ судьясы Рысдәулет Шамшиев пилоттық жобаны іске асырудыӊ мақсаты татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеӊейтіп, азаматтардыӊ сот шығындарын барынша азайту, халықтыӊ соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау екендігін атап өтті.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Достық үйі ғимаратыныӊ мәжіліс залында Қызылорда облысы соттары судьяларыныӊ қатысуымен "Даулардыӊ жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны" талқылау мақсатында дөӊгелек үстел өткізілді.

Дөӊгелек үстел жұмысына "Медиацияны дамыту орталығыныӊ" кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, нотариус және облыстық адвокаттар алқасыныӊ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан облыстық соттыӊ судьясы Шолпан Мәлікова Елбасыныӊ республика судьяларыныӊ VII съезі барысында тараптарды табыстыру, татуластыру мәселесіне кеӊінен тоқталғанын тілге тиек етті. "Қазіргі қоғам алдына қойылып отырған маӊызды мәселеніӊ бірі - дауды баламалы тәсілдермен шешуді жолға қою, нығайту және жетілдіру.

Ал Қызылорда облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ судьясы Рысдәулет Шамшиев пилоттық жобаны іске асырудыӊ мақсаты татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеӊейтіп, азаматтардыӊ сот шығындарын барынша азайту, халықтыӊ соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау екендігін атап өтті.

Шара соӊында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар пилоттық жоба аясында ұсынымдарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны