12.06.2017, 18:14 3444

Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері азаматтарды қабылдады

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерініӊ орындалуына қолдау көрсетті.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерініӊ орындалуына қолдау көрсетті.

Қабылдауға 5 азамат өз өтініштерін білдірді. Солардыӊ бірі қала тұрғыны Есенғали Иміров. Ол Шиелі ауданы, 1 мамыр ауылында тұратын өздігінен жүре алмайтын немере ағасына мүгедектігі жөнінде құжат алуына көмек көрсетуді сұрап келіпті.

Басқарма басшылығы науқасты бақылауға алып, сырқатына қатысты тегін дәрігерлік тексеруден өткізуге көмек көрсететін болды. Ал мүгедектікке өтуге тиісті құжаттар аудандық ауруханадан дайындалып берілетінін жеткізді.

Баян Тәжімұратова есімді қала тұрғыны науқас балалар үшін дәрі-дәрмектер тегін берілсе деген мәселесін көтерді.

- Аймағымызда сирек кездесетін "Целиакия" дертіне шалдыққан балалар саны көбейіп келеді. Олар Креон, хофитол, кальцикал, актиферин, нормабакт, хилак форте секілді дәрілерді үнемі қабылдап отырулары тиіс. Бұл дәрілердіӊ бағасы қымбат болғандықтан көптіӊ қалтасы көтере бермейді, - дейд Баян.

Ал Динара Мыӊжасарова қаладағы №5 емхана дәрігерлері "лямблиоз" ауруымен ауыратын ұлы мен қызына дұрыс ем-дом көрсетпеді деп наразылығын білдірді.Сондай-ақ анасыныӊ да коксартроз диагнозымен сырқаттанатынын айтып, Астана немесе Алматы қаласында емделуге квота беруге көмек сұрады.

Денсаулық сақтау басқармасыныӊ өкілдері лямблиоз дерті жұқпалы болғандықтан оған алдымен күтім жасалу керектігін жеткізіп, балаларға емдеу жүргізуге көмек көрсетілетінін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны