30.05.2017, 18:28 4249

Қызылорда облысында "Достар алаӊы" еріктілер клубы құрылды

Салтанатты шара соӊы ауданныӊ өнерлі жастарыныӊ концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Өткен сенбіде Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында "Жастар Ресурстық орталығы" КММ Қызылорда облысы Қазалы аудандық бөлімініӊ ұйымдастыруымен "Достар Алаӊы" еріктілер клубыныӊ ашылуы салтанаты болып өтті. Қоғам өмірініӊ барлық салаларына жастарды араластыру, аудан бойынша мемлекеттік жастар саясаты өӊірлік бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жастардыӊ бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында өткен шараға мектеп оқушылары, колледж студенттері, "Жастар ресурстық орталығы" КММ аудандық бөлімініӊ қызметкерлері, жастар ұйымдары, ата-аналар, белсенді жастар мен жас кәсіпкерлер қатысты.

Салтанатты шара барысында облыстық "Жас Отан" жастар канатыныӊ төрағасы Абылайхан Сабанбаев және "Жастар ресурстық орталығы" КММ Қазалы аудандық бөлімініӊ директоры Олжас Ахметов алғашқы болып құрылып жатқан "Достар алаӊы" еріктілер клубыныӊ мүшелеріне сәттілік тілеп, куәліктерін табыстады.

Қазалы ауданы бойынша "Достар алаӊы" еріктілер клубыныӊ төрағасы болып Шыӊғысхан Аманкелді тағайындалды.

Айта кетейік, "Достар алаӊы" еріктілер клубыныӊ мүшелері "Арман" оқу орталығы, "Алтын Орда" фитнес клубы, "Креатив" сұлулық салоны, "Zero" PS орталығы және "Дублин" дәмханасыныӊ қызметтерін 10, 20, 30 пайыз жеӊілдікпен пайдалана алады. Аталған сауда орындарыныӊ басшылары мен жас кәсіпкерлерге аудандық жастар ресурстық орталығыныӊ директоры Олжас Кенжебайұлы аудан жастарыныӊ атынан ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Салтанатты шара соӊы ауданныӊ өнерлі жастарыныӊ концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны