25.01.2008, 18:38 3377

Қызылорда облысында электр қуатын беруге шектеу енгізілді

Қызылорда облысында электр қуатын беруге шектеу енгізілді

Қызылорда. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында электр қуатын беруге шектеу енгізілді. Бұл туралы Қызылорда өңірлік электр желілері компаниясының қызмет көрсету бөлімінің бастығы Мэлс Абужанов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Солтүстік-Оңтүстік" желісіне ауыртпалық түсірудің алдын алу үшін

"Қызылорда өңірлік электр желілері компаниясы" АҚ өз тұтынушылары үшін 18 бен 22 сағат аралығында шектеу енгізеді. Компанияны мұндай қадамға баруға көршілес елдерден энергетиктері итермелеп отыр", - деді М. Абужанов.

Оның айтуынша, "Барки Точик" АҚ (Тәжікстан) мен "КЭС Қырғызстан"АҚ Орталық Азия өңірінде күн райының күрт суытуына және осы елдердің өз ішіндегі тұтыну мөлшерінің ұлғая түсуіне байланысты Қазақстандық тұтынушылар үшін қажетті көлемді қамтамасыз ете алмай қалды.

"Тіпті Жамбыл ГРЭС-інің бесінші блогындағы апатты жағдай да өз салқынын тигізді", -деп мәлімдеді М. Абужанов. Қазір ол электр қуатын беруге сұранымды реттеуші қуат көздерін есепке алмай қабылдап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны