29.01.2014, 19:12 23972

Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды

"Еңбек нарығына сараптама жасалып, сұранысқа ие 28 мамандық түрі анықталды. Олар тау рудасы, геологиялық барлау, геодезия және картография, туризм мен қонақ үй бизнесі және басқалары", - дейді облыс әкімі.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды, деп хабарлайды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

"Еңбек нарығына сараптама жасалып, сұранысқа ие 28 мамандық түрі анықталды. Олар тау рудасы, геологиялық барлау, геодезия және картография, туризм мен қонақ үй бизнесі және басқалары", - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, еңбек резервін құруда тепе-теңдікті сақтау кезінде өңірдің өнеркәсіптік даму болашағы да ескерілді. Алдағы жылдары облыста әйнек және цемент зауытын салу жоспарланып отыр және металлургиялық, балық кластерлері құрылмақ.

Айта кету керек, 2013-2014 жылдары 123 ауыл түлегі аталмыш мамандықтар бойынша Қазақстанның ЖОО-да облыс әкімінің тегін оқу грантын жеңіп алды.

Келер жылы, әкімнің айтуынша, грант көлемі көбейітіліп, 300-ге жеткізілмек. Талапкерлер сонымен қатар, Ресей оқу орындарында да білім алу мүмкіндігін иеленбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны