28.04.2017, 18:52 5255

Қызылорда облысында есірткі заттарын заӊсыз егудіӊ жолын кесу мақсатында "Дельта-Сырдария" арнайы құрылымдық бөлімшесін құру жайлы ұсыныс қолдау тапты

Қызылорда облысында есірткі алқаптарын анықтау мақсатында облыстық ішкі істер департаменті министрлікке "Дельта-Сырдария" арнайы құрылымдық бөлімшесін құру жайлы ұсыныс енгізген болатын.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында есірткі алқаптарын анықтау мақсатында облыстық ішкі істер департаменті министрлікке "Дельта-Сырдария" арнайы құрылымдық бөлімшесін құру жайлы ұсыныс енгізген болатын. Ұсыныс министрлік тарапынан қолдау тапты, соған сәйкес 2017 жылдыӊ 1 маусым - 30 қазан аралығында аумақтық Ішкі істер департаменттерініӊ жедел қызметкерлерін және Ұлттық Ұланныӊ тікұшақ техникаларын, сондай-ақ "Бүркіт" арнайы жасағыныӊ әскери қызметкерлерін жұмылдыру жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты кеше "Республикалық "Көкнәр-2017" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысындағы ведомствоаралық іс-шараларды үйлестіру" тақырыбында кеӊес өткізіліп, құзырлы мемлекеттік органдар облыс аумағында есірткі заттарын заӊсыз егудіӊ жолын кесу бағытында бірлесіп атқарылатын іс-шаралар мен міндеттерді талқылады.

Кеӊеске облыстық әкімдік қызметкерлері, облыстық прокуратура, ҰҚК-ніӊ Қызылорда облысы және Байқоӊыр қаласы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, шекара қызметі, Ұлттық Ұлан өкілдері қатыстырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны