22.02.2017, 16:59 4727

Қызылорда облысында Халықаралық ана тілі күніне орай "Мыӊ бала" байқауыныӊ биылғы кезеӊі басталды

Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай, елімізде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында дөӊгелек үстел өтті,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Достық үйініӊ мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай, елімізде тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында дөӊгелек үстел өтті,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Тіл - тәуелсіздіктіӊ тірегі" атты шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестік және ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ мамандары, орта мектеп және жексенбілік мектеп ұстаздары, оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Онда Қызылорда облыстық "Қоғамдық келісім" КММ-ніӊ директорыныӊ орынбасары А.Жұмабаев, облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімініӊ басшысы Л.Есімова, облыстық білім басқармасыныӊ бас маманы Э.Жүсіпова, "Мұрагер" мектебініӊ оқытушысы, АҚШ-тағы Небраска штатыныӊ азаматы - Остер Питер, "Қоғамдық келісім" КММ-ніӊ бас эксперті Б.Үсенбаев және 2016 жылғы облыстық "Мыӊ бала" байқауыныӊ жеӊімпаздары сөз сөйледі.

Облыстық "Мыӊ бала" байқауыныӊ "Асыл сөз-шешендік өнері" бойынша бірінші орынды иеленген Алексей Черкезюк "Қазақ халқыныӊ салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін байқаудыӊ жеӊімпазы атандым. Осы жобаны ұйымдастырушыларға ризашылығым зор. Көпэтносты Қазақстан жерінде тек қана бейбітшілік болсын. Сіздерді, Халықаралық ана тілі мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймын", - деді.

Ал, осы байқаудыӊ "Тәуелсіздік - тірегім!" тақырыбында мәнерлеп өлеӊ оқудан бірінші орын алған Валерия Фролова көпұлтты еліміздегі достықтыӊ тіні тіл екендігін айтты.

Дөӊгелек үстел аясында облыстық "Мыӊ бала" байқауыныӊ биылғы кезеӊі бастау алғандығы белгілі болды. Шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген бірқатар мектеп ұстаздары мен "Мыӊ бала" байқауыныӊ 2016 жылғы жеӊімпаздарыныӊ жетекшілері марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны