26.04.2017, 16:20 4510

Қызылорда облысында иммундау апталығы басталды

Қызылорда облысында Еуропалық иммундау апталығы басталды. Жұқпалы аурулардыӊ алдын алу жолдарыныӊ бірі - вакцинаны кеӊінен насихаттауды көздейтін бұл шара осы жылдыӊ 24-30 сәуір аралығында өткізіледі

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Еуропалық иммундау апталығы басталды. Жұқпалы аурулардыӊ алдын алу жолдарыныӊ бірі - вакцинаны кеӊінен насихаттауды көздейтін бұл шара осы жылдыӊ 24-30 сәуір аралығында өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ бөлім басшысы Илия Ыдырысова мәлімдеді.

Еуропалық иммундау апталығы елімізде қатарынан сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. ҚР Ұлттық егу кестесіне сәйкес 19 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егулер жүргізіліп келеді. Ол баланыӊ дүниеге келген уақытынан бастап, ересектерді 56 жасқа дейін егу жұмыстары жүргізіледі.

-Иммундау шаралары арнайы егу бөлмесінде жыл сайын оқытылған және егуге рұқсаты бар аяжандар жұмыс жасайды. Жалпы облыс бойынша 225 емдеу сауықтыру мекемелерініӊ 183-де егу бөлмесі қызмет атқарады. Егу бөлмесі бұйрық талаптарына сай толық жабдықталған, тоӊазытқыштармен қамтамасыз етілген. Шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарды профилактикалық екпелермен қамтуға 38 жылжымалы егу бригадасы дайындалған. Биыл бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 1 млн 600 мыӊ, ал облыстық бюджеттен 98 млн теӊге бөлініп отыр.

Айта кетейік, жоспарлы профилактикалық екпелермен қоса жоспардан тыс егулер де жүргізіледі. Соӊғы рет жоспардан тыс егу жұмыстары 2015 жылы қызылшаға қарсы жүргізілген екен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны