14.06.2017, 13:49 3667

Қызылорда облысында "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы жалғасын табуда

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы жалғасын табуда.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы жалғасын табуда. Айталық, жуырда Т. Жалбыровтыӊ жаза мерзімініӊ аяқталуына байланысты "осындай шара ұйымдастырылды. Оған Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасыныӊ жергілікті полиция қызметкері, полиция майоры Р.Шығырбай және Қызылорда қалалық пробация қызметініӊ инспекторы А. Ыбырайым, "Қызылорда облыстық тұтынушылардыӊ құқығын қорғау" қоғамдық бірлестігініӊ маманы Ләйла Исалиева, "Арылу" қоғамдық қорыныӊ өкілдері қатысты.

Түрмеден босап отырған Т. Жалбыровқа жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімініӊ мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді. Шара соӊында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ өкілі Н.Смайлов босатылушы Т. Жалбыровтыӊ керекті құжаттарын рәсімделіп, өзі жұмыспен қамтылатынын атап өтті,- деп хабарлайды Р. ИЛТАЕВА, ЕТО жөніндегі аға инспекторы,әділет майоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны