22.09.2018, 20:18 6491

Қызылорда облысында Қалтай Мұхамеджановтыӊ 90 жылдығына арналған "Қалтай оқыған кітаптар" атты әдеби кеш өтті

Қызылорда облысында И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі драматург-жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам қайраткері Қалтай Мұхамеджановтыӊ 90 жылдығына арналған "Қалтай оқыған кітаптар" атты әдеби кеш өтті.

Қызылорда. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі драматург-жазушы, аудармашы, сыншы, қоғам қайраткері Қалтай Мұхамеджановтыӊ 90 жылдығына арналған "Қалтай оқыған кітаптар" атты әдеби кеш өтті.

Замандастарыныӊ айтуы бойынша қаламгер Қалтай керемет кітапқұмар адам болған екен. Жиналған кітаптардан кімніӊ кітабы қай қатарда, қандай сөреде тұрғандығын жатқа білген.

Бірнеше мыӊ кітап - арабша, парсыша, орысша, қазақшаныӊ араб әрпіндегі, латын әрпіндегі кітаптар оныӊ өмір бойғы жинаған байлығы деп айтуға болады.

Қалтай Мұхамеджановтыӊ кітапханасы баяғыда Отырарда жоғалып кеткен, Мысырдағы кезінде отқа оранған Александрия кітапханаларын еске түсіреді.

2015 жылы И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасыныӊ қоры Қалтай Мұхамеджановтыӊ жеке кітапханасныӊ 8 мыӊ данаға жуық кітап қорымен толықтырылды.

Біздіӊ түпкі мақсатымыз - көрнекті жазушыныӊ болашақ ұрпаққа қалдырған бай кітапханасындағы білім мұрасын жазушыныӊ көзіндей көріп, аманатындай сақтап, оқырмандарға насихаттау.

Осы орайда, оқырмандарды жазушыныӊ жинаған кітаптарымен таныстыруға арналған іс-шара Абайдыӊ, Шыӊғыс Айтматовтыӊ, Мұхтар Шахановтыӊ, дінтанушы Берікбай Сағындықұлыныӊ кітаптарыныӊ және қазақ тіліне Қалтай Мұхамеджанов аударған "Мыӊ бір түн" ертегілерініӊ беташары болды деуімізге болады.

Іс-шараға қатысушылар жазушылардыӊ жекелеген шығармаларын талдап, басқа әдебиеттеріне де шолу жасады.

Мәдени шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттіӊ оқытушыcы Қ.Құдайбергенов, Қызылорда аграрлық жоғары колледжініӊ студенттері мен оқытушысы Г.Мінажадинова қатысып, көпсалалы "Ұлағат" колледжініӊ студенттері Абай, М.Шахановтыӊ өлеӊдерін оқыды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны