27.10.2016, 10:32 2880

Қызылорда облысында "Қаӊғыбас" жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілді

Ағымдағы жылдыӊ 15-20 қазан аралығында Қызылорда облысы көлемінде "Қаӊғыбас" жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қызылорда. 27 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 15-20 қазан аралығында Қызылорда облысы көлемінде "Қаӊғыбас" жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Нәтижесінде қаӊғыбастықпен айналысатын, тұрғылықты жері жоқ 49 адам анықталып, бейімдеу орталығына жеткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлері 156 жертөлелер мен 205 канализация құдықтарын, 125 тастанды ғимараттарды, 166 шатырлар мен 42 қыстақтарды, 52 қоқыс және қалдық жинайтын орындарды және 32 тоғайлар мен егістік алқаптарын тексерді.

Қазіргі таӊда Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Баймағамбетов көшесі №7 үйде орналасқан Қызылорда қалалық белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істеуде. Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасыныӊ қабылдау-тарату орнына барлығы 45 адам жеткізіліп, есепке алынды. Полиция қызметкерлері қыстыӊ суық күндерінде үсіп қалу фактілерініӊ алдын алу мақсатында тұрғылықты жері жоқ азаматтардыӊ көп шоғырланатын аумақтарыныӊ картасын жасады. Нәтижесінде, аталған адамдар тобы көп жағдайда қала орталығындағы көп қабатты үйлердіӊ өжірелерінде түнеп, Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында орналасқан жылу трассасыныӊ маӊын, Шымбай көшесініӊ теміржол жанындағы жылу құдықтарын торауылдайтыны анықталды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны