15.10.2018, 17:42 6552

Қызылорда облысында Қармақшы ауданыныӊ құрылғанына 90 жыл толу мерейтойы атап өтілді

Қармақшы ауданыныӊ 90 жылдық мерейтойын атап өтуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қармақшыда туып-өскен қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Қызылорда. 15 қазан. Kazakhstan Today - Биыл Қармақшы ауданыныӊ құрылғанына 90 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан орталығы Жосалы кентінде "Қармақшы" кітабыныӊ тұсаукесері өтті.

Қармақшы ауданыныӊ 90 жылдық мерейтойын атап өтуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қармақшыда туып-өскен қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы қармақшылықтарды мерейтоймен құттықтап, ауданныӊ облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына қосқан үлесін атап өтті.

"Қармақшы ауданы - барша түркі жұртыныӊ абызы, данагөй Қорқыт Ата мекені, Сыр өӊіріндегі ежелгі астаналардыӊ бірі - сақтардыӊ ордасы Шірік Рабат шаһары орналасқан қасиетті жер. Балқы Базар, Дүр Оӊғар, Жиенбай жырау, Ешнияз сал іргесін қалап, Кете Жүсіп, Шораяқтыӊ Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов күмбезін көтерген жыр керуені - Қармақшы жерініӊ "Жүз шайыр елі" аталуына себеп болды. Жақын арада Қызылорда қаласында аймағымыздыӊ, оныӊ ішінде Қармақшы ауданыныӊ мәдени мұрасын заманауи деӊгейде дәріптеп, насихаттау үшін аймақта Қазақ дәстүрлі өнер академиясын ашуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады облыс басшысы ""Қармақшы - елдік пен ерлік мекені!" ғылыми-танымдық конференциясыныӊ барысында.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды. Жаӊа тұрпатты жаӊғырудыӊ еӊ басты шарты - сол ұлттық кодыӊды сақтай білу. Онсыз жаӊғыру дегеніӊіздіӊ құр жаӊғырыққа айналуы оп-оӊай.

"Туған жер" бағдарламасынан бөлек, біз халықтыӊ санасына одан да маӊыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіӊіруіміз керек.

Ол үшін "Қазақстаныӊ қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасы керек.

Ирбір халықтыӊ, әрбір өркениеттіӊ баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтыӊ әрбір азаматы біледі.

Бұл - рухани дәстүрдіӊ басты негіздерініӊ бірі.

Біз - ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланыӊ көз жеткізгісіз кеӊ-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтыӊ тонныӊ ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздіӊ біртұтас желісін бұрын-соӊды жасаған емеспіз.Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяныӊ түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздыӊ ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудыӊ киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меӊзейді.Мұныӊ бәрі тұтаса келгенде халқымыздыӊ ұлттық бірегейлігініӊ мызғымас негізін құрайды".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны