02.06.2017, 17:04 6669

Қызылорда облысында қауіпсіздік ережелері жайлы ескертілді

"Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау" және "Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау" тақырыбында түсіндірме сабақ өткізілді.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық басқармасы мен қалалық ТЖБ-ныӊ қызметкерлері және Апаттар медицинасы орталығыныӊ мамандары бірлесе отырып, №187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінде ата-ана мен мектеп мұғалімдеріне "Жазғы демалыс кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау" және "Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау" тақырыбында түсіндірме сабақ өткізілді. Онда ата-аналарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді,- деп хабарлайды Э. АСАНОВА, Қызылорда облысы ТЖД ӨҚСБж ПБ-ныӊ инженері,азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны